Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ИМИДЖДІК ЖҰМЫС

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ

05.06.2023

Бүгін Институтта өткізілген салтанатты жиында Мемлекеттік рәміздер ұлықталып, ортаға қойылды, Әнұран шырқалды. Институт бастығының құттықтау сөзінен соң, мерекелік бұйрық оқылып,  қызметкерлерге арнайы атақтар табысталды. Шара қызметкерлер мен тыңдаушыларды ел мәртебесін көтеруге ынталандыруға бағытталған патриоттық іс-шаралардың бір көрінісі.

Кадеттер және “Аяла” орталығының тәрбиеленушілері арасында шағын-футбол жарысы

01.06.2023

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні “Аяла” өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығында шағын-футболдан жарыс өткізілді. Шағын-футбол жарысына Ф.Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясының кадеттерінен, “Аяла” өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілерінен құралған командалар қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз бен жүлдегерлерге институт бастығының грамоталары, кубоктар және сыйлықтар табысталды. 

АЛҒАШҚЫ КӘСІБИ ДАЯРЛЫҚ КУРС ОҚУ ТОПТАРЫНЫҢ АРАСЫНДА САПТЫҚ ӘН БАЙҚАУЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

22.05.2023

Қазақстанның ұлттық, әскери дәстүрлерін жалғастыру, ұлт мәдениеті бағытында тәлім-тәрбие беру мақсатында идеологиялық және имидждік жұмыс бөлімімен алғашқы кәсіби даярлық курс оқу топтарының арасында саптық ән байқауы ұйымдастырылды. 27 мамырда өтетін саптық ән байқауы финалына іріктеуден өткен топтарға сәттілік тілейміз!