Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыс

Институттың ғылыми-зерттеу жұмысына институт басшылығы, кадрларды кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау факультеттерінің қызметкерлері, институт орталықтары мен кафедралары белсенді қатысады.

Институттың ғылыми қызметінің мәні бөлімшелерге ғылыми және практикалық конференциялар, дөңгелек үстелдер, викториналар, пікірталастар өткізуде әдістемелік көмек көрсету және ҒЗЖ нәтижелерін оқу үрдісіне енгізу болып табылады.

Институттың қызметкерлерінің көпшілігінде бір немесе екі жоғары білім бар және практикалық жұмыс тәжірибесі мол. Оқытудың сапасын арттыру мақсатында институттың профессорлық-оқытушылық құрамы оқу-әдістемелік құралдар әзірлейді, оқу-әдістемелік жиындар мен конференцияларға қатысу үшін баяндамалар дайындайды.

Институт Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің тапсырысы бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары қызметінің келесі басым бағыттары бойынша өз бастамасы бойынша іздестіру зерттеулері шеңберінде ғылыми-зерттеу жұмысын жүзеге асырады:

  • «Қайталанатын қылмыстардың алдын алу»;
  • «Мас күйінде жасалған қылмыстардың алдын алу»;
  • «Тұрмыстық қылмыстардың алдын алу»;
  • «Жасөспірімдер қылмысының алдын алу»;
  • «Есірткі және психотроптық заттарды заңсыз өткізу саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу».
  • «Көлік объектілеріндегі құқық бұзушылықтардың алдын алу».

Білім мен ғылым саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға ұмтыла отырып, институт білім беру ұйымдары, сондай-ақ олардың ғылыми, ғылыми-педагогикалық ұжымдары, магистранттар мен доктаранттар, сондай-ақ курсанттар мен тыңдаушылар арасында байланыс орнату мақсатында Ресей Федерация ІІМ жоғары оқу орындарымен, Тәжікстан, Беларусь, Әзірбайжан, Қырғызстан республикаларымен және т.б. ынтымақтастық туралы хаттамаларға қол қойды.