Ғылыми жарияланымдары ОҚП
Институттың ғылыми қызметі ғылыми мектептерді сақтау және дамыту, ғылыми зерттеу мен оқу үрдісінің байланысын қамтамасыз ету, іргелі, қолданбалы зерттеулер қызметінің белгіленген саласында, сонымен қатар ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға қолдау көрсету және ынталандыру, халықаралық ғылыми серіктестікті жетілдіруде көмек беру қағидасында құрылады.
Институттың ғылыми қызметіне жатады:
- ғылыми-зерттеу жұмысы;
- ғылыми-әдістемелік жұмыс;
- институттың ғылыми мектептерін дамыту;
- ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау;
- жас ғалымдар мен курсанттардың ғылыми жұмысы;
- халықаралық ғылыми серіктестік;
- қызметкерлердің ғылыми іс-шараларға қатысуы.
Ғылыми-зерттеу жұмысының институттағы негізгі міндеттері:
- заң және қоғамдық ғылымдардың өзекті мәселелері бойынша кешенді тақырыптар әзірлеу;
- оқу үрдісін ғылым мен тәжірибенің жетістіктерімен байыту, оқу үрдісінің және курсанттар мен тыңдаушылардың оқыту сапасының тиімділігін жоғарылату;
- қылмыспен күресті күшейтуге тиімді ішкі істер органы қызметтерінің өзекті мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу;
- жоғары оқу орындары педагогикасының мәселелерін зерттеуді ұйымдастыру;
- қылмыспен күресті күшейтуді қалыптастыратын аяқталған жұмыстарды ішкі істер органдарының тәжірибесіне енгізу;
- ғылыми-педагогикалық кадрлар біліктілігін көтеруге дайындау;
- курсанттардың ғылыми шығармашылығын дамыту, олардың бойында зерттеу жұмыстарының дағдыларын қалыптастыру;
- перспективалық бағыттағы ізденіс зерттеулерін жүзеге асыру;
- жарыққа шығаруға жіберілген материалдарға сараптама жасау;
- жариялымдардың жоғары ғылыми дәрежелігін қамтамасыз ету, қолжазбаларға сынпікір беру, басылымға уақытында дайын болуын қамтамасыз ету;
- ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру саласында халықаралық байланыстар жасауға қатысу.
“Жылдың ең үздік жас ғалымы” байқауын өткізу туралы ЕРЕЖЕ
GDE Error: Requested URL is invalid