Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ғылыми-зерттеу орталығы

Қазақстан Республикасы ІІМ

М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының

Ғылыми-зерттеу орталығы

ҚазақстанРеспубликасы ІІМ-нің2019 жылғы 11 қарашадағы №975 “Ұйымдастыру-штаттықмәселелертуралы” жәнеҚазақстанРеспубликасы ІІМ М.БөкенбаеватындағыАқтөбе заң институты бастығының 2019 жылғы 11 қарашадағы №269 “Ұйымдастыру-штаттықмәселелертуралы” бұйрықтарынасәйкесҚазақстанРеспубликасы ІІМ М.БөкенбаеватындағыАқтөбезаңинститутында “Ғылыми-зерттеуорталығы” құрылымдықбөлімшесіқұрылып,ұйымдастыру-штаттықөзгерістер мен қайтатағайындауларжүргізілді.

Штат кестесінесәйкесғылыми-зерттеуорталығы 5 бірліктентұратынекітоптан және орталық бастығынан тұрады:

1) Құқықбұзушылықтардыңалдыналужөніндегіпроблемалардызерттеутобы-2 бірлік (ағағылымиқызметкер–1, ғылыми қызметкер – 1);

2) Жолқозғалысықауіпсіздігіжөніндегіпроблемалардызерттеутобы-2 бірлік (ағағылымиқызметкер – 1, ғылымиқызметкер – 1).

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының 2020 жылғы 14 қаңтардағы №11 бұйрығына сәйкес институттың ғылыми-зерттеу орталығы туралы ереже бекітілді.

Институт жанындағы Ғылыми-зерттеу орталығы ғылыми зерттеулер жүргізумен, нәтижелерді әзірлеумен, сондай-ақ оларды енгізу мен қолдануды қамтамасыз етумен айналысатын құрылымдық бөлімше болып табылады.

Ғылыми-зерттеу орталығы ғылыми қызметкерлерді даярлауда, олардың заманауи зерттеу әдістеріне, озық технологиялар мен жабдықтарға қолжетімділігін қамтамасыз етуде де маңызды рөл атқарады. Орталық басқа ғалымдармен, мамандармен білім және тәжірибе алмасу мақсатында семинарлар, конференциялар мен тренингтер ұйымдастыра алады.

Ғылыми-зерттеу институтының міндеттері

  1. Ішкі істер органдары қызметінің өзекті әкімшілік-құқықтық мәселелері бойынша іргелі, қолданбалы зерттеулер жүргізу;
  2. мүдделi ведомстволармен бiрлесiп жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар шеңберiнде шешiмiн талап ететiн аса маңызды мәселелердiң тiзбесi бойынша бастамашылық ұсыныстарды қарастыру, сондай-ақ ішкі істер органдары қызметінің нәтижелерін жақсартуға бағытталған ғылыми ұйымдармен конкурстық негiзде жүзеге асырылатын инновациялық жобаларға қатысу;
  3. әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзудiң ағымдағы кешендi проблемаларын дамыту, заңнаманы және iшкi iстер органдарының қызметiн жетiлдiруге бағытталған зертеулер жүргізу;
  4. ғылыми ізденіс пен шығармашылық әрекет арқылы жаңа білім жинақтау.

Ғылыми-зерттеу институтының құқықтары

  1. Құқық қорғау органдарының практикалық және ғылыми қызметін көрсететін материалдармен, сондай-ақ орталық пен кафедралардың ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен танысу;
  2. Ғылыми-зерттеу орталығының құзыретіне кіретін ғылыми-инновациялық қызмет мәселелері бойынша басқа ұйымдармен және кәсіпорындармен белгіленген тәртіпте хат алмасуды жүзеге асыру;
  3. Басшылықпен келісім бойынша белгіленген тәртіппен Институт қызметкерлерін ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметке тартуға;
  4. Белгіленген тәртіппен іссапарға шығатын қызметкерлерге басқа оқу орындары мен ұйымдарда ғылыми конференцияларда тәжірибе алмасу, қажетті ақпаратты жинау және қажетті ақпаратты алу жөнінде тапсырмалар беру;
  5. Институттың ғылыми-зерттеу жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
  6. Ғылыми зерттеу орталығының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер өткізу және осындай отырыстарға қатысу;
  7. Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін Ішкі істер министрлігінің, басқа да министрліктер мен ведомстволардың басылымдарында жариялауға, белгіленген тәртіппен авторлық құқықтарды қорғауды талап етуге;
  8. Белгіленген тәртіппен ғылыми, халықаралық және республикалық конференцияларға, конгресстер мен кеңестерге қатысуға және т.б.

___________________________________________________________