Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ

Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысы

25.01.2024

Ақтөбе қаласы Полиция басқармасы М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтымен бірлесіп No9 мектеп-гимназиясының бітіруші сыныптарына кәсіптік бағдар берді. Аталған мектептің түлегі полиция майоры М.Елеусізова полиция қызметінің қыр-сырымен бөлісіп, болашақ түлектерге нұсқау берді.

24.01.2024

Абай облысында кәсіби бағдар беру жұмыстары

24.01.2024

Ағымдағы жылдың 15 қаңтарында институт бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Е. Балымов Абай облысы полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп қала және облыс мектептерінің түлектерімен кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында ІІМ ведомстволық жоғары оқу орындарына түсу ережелері мен тәртіптері қаралды.

Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысы

24.01.2024

Нұсқауға сәйкес, 2024 жылғы 23 қаңтарда  ҚОҚҰ кафедрасының полиция подполковнигі А.Байгазин кәсіби бағдар беру және мамандыққа бағыттау мақсатында Ақтөбе қаласы, Астана ауданы Бауырластар елдімекенінде орналасқан «Б.Момышұлы атындағы №62» орта мектебінің 11-сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Аталған шараға 40 оқушы қатысып, қажетті мағлұматтар беріліп, бейнероликтер көрсетіліп және ақпараттандырылған буклеттер таратылды.