Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Оқу-әдістемелік орталық

Оқу-әдістемелік орталық Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Орталықтың жұмысы оқу үдерісін жоспарлауға және ұйымдастыруға; факультеттердің, кафедралардың оқу-әдістемелік жұмысын және институттың оқу-әдістемелік кеңесінің жұмысын үйлестіруге; оқытудың инновациялық нысандары мен белсенді әдістерін игеру және таратуды ұйымдастыруға; профессорлық-оқытушылық құрамның кәсіби құзыреттілігін арттыру арқылы білім беру сапасын қамтамасыз етуге бағытталған.

Оқу-әдістемелік орталықты полиция полковнигі Чупринюк Наталья Александровна басқарады.

Оқу-әдістемелік орталық келесі құрамда өз қызметін жүзеге асырады:

1) оқу процесін қамтамасыз етуді ұйымдастыру бөлімшесі:

бөлімше бастығы, әрі орталық бастығының орынбасары полиция подполковнигі Галиуллина Айнур Сериковна;

аға оқытушы-әдіскер полиция майоры Ибыжанова Гаухар Бейсенбаевна;

оқытушы-әдіскер Тулеуов Дуйсенкул Тулеуович;

2) білім беру сапасын мониторингілеу және бақылау (бағалау) бөлімшесі:

бөлімше бастығы, полиция подполковнигі Толепберген Орынбек Сапарбекұлы;

аға оқытушы-әдіскер полиция майоры Ельтаев Чингиз Тайтаевич;

оқытушы-әдіскер полиция майоры Габдыгалиев Ернар Сабитович;

3) қашықтан оқыту тобы:

аға оқытушы-әдіскер полиция подполковнигі Назарбаева Сандугаш Гадиловна.

ОҚУ ПРОЦЕСІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ БӨЛІМШЕСІ

Орталықтың негізгі функциялары:

– оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру;

– оқу жұмыс жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысу;

– білім беру және оқу-әдістемелік процесті регламенттейтін құжаттаманы әзірлеуге қатысу;

– оқу-әдістемелік сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру: оқу-әдістемелік жиындар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар және т.б.;

– институттың профессорлық-оқытушылар құрамының ашық және көрнекі сабақтар өткізуін ұйымдастыру;

–  оқу-әдістемелік материалдарды дайындау бойынша бірыңғай талаптар мен әдістемелік ұсынымдар әзірлеу;

– оқу процесін жоспарлауды ұйымдастыру;

– оқу процесін жоспарлауды ұйымдастыру;

– академиялық күнтізбені құру;

– оқу сабақтарының кестелерін құру;

– оқу жүктемесін жоспарлау мен есепке алуды бақылауды ұйымдастыру;

Институттың оқу-әдістемелік жұмысын алқалық басқаруды  кафедралар, факультеттер, орталықтар, бөлімдер өкілдерінен құралған Оқу-әдістемелік кеңес жүзеге асырады.Кеңеске төрағалық етуді институт бастығының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары жүзеге асырады. Оқу-әдістемелік кеңестің талқылауына шығарылатын мәселелер кәсіптік білім беруге қойылатын қазіргі заманғы талаптарға сәйкес оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз етуге қатысады.

Оқу бөлімшелерінде оқу пәндерін оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру жөніндегі қызметті кафедралардың жеті пәндік-әдістемелік комиссиялары іске асырады, олардың жұмысын да институттың оқу-әдістемелік орталығы үйлестіреді. Педагогикалық өтілі үш жылдан аспайтын оқытушылардың кәсіби шеберлігін арттыру жөніндегі орталықтың жұмысы «Педагогикалық шеберлік» мектебі шеңберінде жүзеге асырылады. Оның негізгі бағыттары: жаңа бастаған оқытушыларды оқыту әдістемесінің негіздеріне оқыту, оқу-әдістемелік жұмыс дағдыларын дамыту, оларға дәріс оқудың практикалық дағдыларын игеруге, оқытудың жаңа құралдарын пайдалануға жәрдемдесу болып табылады.

Оқу-әдістемелік орталықтың институт факультеттерімен бірлесе отырып «Сапалы білім-заман талабы» оқу-әдістемелік жиынын,

сондай-ақ «Жылдың үздік оқытушысы» және «Үздік оқу-дидактикалық материал» конкурстарын өткізуі оқу жылының дәстүрлі қорытындысын шығару болып табылады.

БІЛІМ САПАСЫН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ БӨЛІМШЕСІ

Бөлімшенің функцияларына мыналар кіреді:

  • академиялық топтар мен ағындарды қалыптастыру;
  • курсанттардың жеке оқу жоспарларын белгіленген тәртіппен тіркеу;
  •  курсанттардың академиялық рейтингісін есептеу;
  •  оқытудың академиялық кезеңі ішінде және оқудың барлық кезеңінде курсанттардың игерген кредиттерін есепке алу;
  • курсанттардың транскриптерін толтыру;
  •  курсанттардың үлгерімін ағымдағы бақылау, межелік бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау мониторингін ұйымдастыру және жүргізу;
  •  оқу жылына арналған оқу жұмыс жоспарлары мен академиялық күнтізбеге сәйкес талдау және қорытындылау;
  •  академиялық ұтқырлықты ұйымдастыру;
  • мониторинг үшін бақылау құралдарының (тест тапсырмаларының деректер банкі) және технологиялардың (тестілеу, сауалнама жүргізу жүйелері) қорын құру және білім сапасын бағалау;
  • аралық бақылау жүргізу технологиясының сақталуын бақылау;
  • курсанттарды аралық және қорытынды аттестаттау кезінде бақылау, сынақтар және емтихандар ;
  • мемлекеттік емтихан комиссияларының құрамын қалыптастыру және жұмысын ұйымдастыру, нәтижелерін талдау және олардың жұмыс қорытындысы бойынша ұсыныстар дайындау;
  •  білім беру қызметін дамыту және курсанттардың үлгерімін арттыру бойынша ұсыныстар жинау;
  •  білім беру сапасының мониторингі мен бағалау құжаттамасын әзірлеу;
  •  оқытушыларға, курсанттарға, түлектерге сауалнама жүргізу;
  •  апта сайын кредиттік технология бойынша жеке және топтық рейтингтің қорытындысын шығару.

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТОБЫ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2020 жылғы 29 мамырдағы №211 бұйрығымен берілген лицензияға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, қысқартылған оқу мерзімімен, ішкі істер органдарының жоғары заңгерлік емес білімі бар қызметкерлерін оқытуды жүзеге асырады.

Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру инновациялық және ақпараттық технологиялардың артықшылықтарын ұсына отырып, «білім алушылар үшін мүмкіндіктердің өсуі үшін жағдай жасау» деп жариялайтын қашықтықтан оқыту тобы миссиясына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы АЗИ-де қашықтықтан оқыту технологияларын құру және пайдалану мақсаттары: жұмыстан қол үзбей жоғары білім алуға мүмкіндік беретін оқытудың еңбек қызметінен бөлінбеуі болып табылады. Оқытудың тиімділігін арттыру, оған жаңа принциптерді, әдістерді және техникалық құралдарды қолдану арқылы қол жеткізіледі, оның ішінде интернет арқылы дәстүрлі емес оқу материалдарына қолжетімділік және т. б.

Институттың ақпараттық ресурстарының негізгі базасы білім беру порталы болып табылады (АИС Platonus). Білім беру порталы оқыту жүйесін басқарудағы негізгі ақпараттық орталық.

ҚОТ келесі функцияларды жүзеге асырады:

1) қашықтықтан оқыту жүйелерінде қолдану үшін оқытушылар дайындаған оқу материалдарын бейімдеуді жүзеге асырады;

2) қашықтықтан оқыту жүйесінде бар білім беру материалдарын пайдаланудың тиімділігі мен әдістемелік деңгейін бақылауды жүзеге асырады;

3) бейнеконференциялар мен дәрістер өткізуге өтінімдер жинайды және қажетті аппараттық және бағдарламалық құралдарды таңдайды;

4) топтық және жеке бейнеконференцияларды дайындаумен және өткізумен айналысады;

5) қашықтықтан білім беру технологиялары тақырыбы бойынша институт сайтына білім алушылар, тыңдаушылар, оқытушылар, талапкерлер үшін материалдар дайындайды;

6) қолда бар білім беру материалдарын цифрлайды және Институттың электрондық ресурстар базасын толықтырады;

7) Инновациялық білім беру технологиялары мен ресурстарын пайдалану тиімділігін жетілдіреді және арттырады;

8) білім алушылардың, тыңдаушылар мен оқытушылардың қашықтықтан білім беру технологияларын меңгеруі бойынша әдістемелік құралдар мен бейнесабақтар әзірлейді;

9) қашықтықтан оқыту жүйесінің бағдарламалық өнімдерімен жұмыс істеу бойынша Оқытушыларды, оның ішінде біліктілікті арттыруды және жаңадан қабылданған білім алушыларды оқытуды жүргізеді;

10) институттың білім беру үдерісінде қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану тиімділігін талдайды;

11) белгіленген қағидаларға және ОӘО ҚОТ жұмысының ішкі регламентіне сәйкес ағымдағы құжат айналымын (білім беру және ұйымдастырушылық) жүзеге асырады; білім алушыларды қабылдау бойынша қажетті іс-шараларды жүргізеді;

12) қашықтықтан оқыту жүйесін бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуді жетілдіру бойынша ұсыныстар қалыптастырады;;

13) институттың білім беру порталының ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз етеді;

14) электрондық тестілеулер мен қашықтықтан кеңестер жүргізу мүмкіндігін береді; ;

15) қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып білім алушыларды аралық аттестаттау нәтижелерін талдау;

16) қашықтықтан оқыту жүйесінде оқытушылар жұмысының тұрақты мониторингін жүзеге асыру.

Қашықтықтан оқыту тобықашықтықтан оқыту технологиялары негізінде оқу процесіне ААЖ Platonus– «Тапсырмалар» модулін енгізу бойынша жұмыс жүргізді.

«Тапсырмалар» модулі әртүрлі бақылау түрлері бойынша білім алушылар үшін тапсырмаларды тағайындау, орындалуын бақылауға арналған. Бұл модуль чат технологиясы (асинхронды және синхронды хабар алмасу) сияқты қашықтықтан оқытудың негізгі элементін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Функционал оқытушыға тексерілген тапсырма бетінде орындалған тапсырма үшін баға қоюға мүмкіндік береді, бұл оқытушының академиялық ағынды және «Бағалар журналы» модулінде білім алушыны іздеу уақытын босатады. Модуль оқытушылар мен студенттерге тапсырманы орындау/тапсырманы тексеру уақытын икемді жоспарлайды. Мәтін, графика, бейне және дыбыстық қатарлар форматындағы файлдарды тіркеу ақпаратты барынша көрнекі және оңай қабылданатын түрде жеткізеді.