Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

“Жас жаяу жүргінші” Акциясы

26.05.2023

25 мамырда Көлік объектілерінде қауіпсіздікті ұйымдастыру кафедрасының оқытушы құрамы полиция подполковнигі Д.Р.Мырзабаева және полиция капитаны Қ.Салауатқызы Ақтөбе қаласының Тұңғыш Президенті саябағында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Жас жаяу жүргінші» Акциясын ұйымдастырды. Іс-шараны өткізудің негізгі мақсаты  балалар мен жасөспірімдерде көшелер мен жолдарда тұрақты дағдылар мен қауіпсіз мінез-құлықтарын қалыптастыру болып табылады.

Іс-шараға қатысқан патрульдік полиция қызметкерлері Ф.Оңғарсынова атындағы №41 орта мектеп-гимназиясының кадеттеріне демалыс кезінде жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша профилактикалық әңгіме өткізді. Өз кезектерінде, кадеттер қазақстандық полицейлерге арналған өлең шумақтарын оқыды.

https://youtu.be/ypLHKCqJcjE