Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ИМИДЖДІК ЖҰМЫС

КАДЕТТЕР АРАСЫНДА “ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА—ҚОҒАМҒА ПАНА” АТТЫ САЙЫС ӨТКІЗІЛДІ.

19.10.2023

Институттың әкімшілік қызмет кафедрасының оқытушысы полиция подполковнигі Ерланұлы Қуат Ф. Оңғарсынова атындағы 41 мектеп гимназиясының 8 кадет сыныбында ұйымдастырылған “Құқықтық сана—қоғамға пана” атты сайыстың қазылар алқасының құрамында төрелік етті. Сайыс оқушылардың адам құқығы,оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту, әрбір адам өз құқығын біліп,өзгенің құқығын бұзбауға үйретуге бағытталды.

«ЛАТЫН ГРАФИКАЛЫ ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІ: ОҚУ, ЖАЗУ» ТАҚЫРЫБЫНДА АҚПАРАТТЫҚ-ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СЕМИНАР-ТРЕНИНГІ

06.09.2023

Тілдер апталығының аясында Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығының директоры К.Х.Серғазина және Орталық директорының орынбасары Г.Н.Төлегенова Институттың тұрақты және ауыспалы құрамына «Латын графикалы қазақ әліпбиі: оқу, жазу» тақырыбында ақпараттық-лингвистикалық семинар-тренинг өткізіп, тіл саласындағы реформалар мен жаңашылдықтар туралы ақпаратпен бөлісіп, тренингтік жұмыстар жүргізді.

“ӘЙЕЛДІҢ РУХАНИ ДАМУЫ” СЕМИНАР-ТРЕНИНГІ

18.08.2023

Институттың әйелдер құрамы арасында “Әйелдің рухани дамуы” тақырыбында “Ихсан” орталығының теолог мамандары Исаева Алтынай және Бисембаева Роза семинар-тренинг өткізді.Семинар-тренингте қоғамда рухани құндылықтардың дамуында әйелдің рөлі, отбасындағы жылылық, энергетиканы қайдан алу керектігі жөнінде пайдалы, дін және дәстүр призмасынан өткен ақпараттар берді.