Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ғылыми кеңес

Ғылыми кеңес өз қызметін жоғары алқалы орган ретінде 2010 жылдан, оқу орны институт болып қайта құрылған кезеңнен бастады. Ғылыми кеңестің жұмысы Қазақстан Республикасы ІІМ және ҒЖБМ нормативтік құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады. Ғылыми кеңестің негізгі міндеті ЖОО қызметін үйлестіру, алқалық басқару және нормативтік қамтамасыз ету болып табылады. 2021 жылдың мамыр айынан бастап ғылыми кеңеске институт бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, полиция полковнигі Алтай Бисенұлы Байсұлтанов төрағалық етеді. Ғылыми кеңестің құрамына институттың ғылыми және академиялық дәрежесі бар профессорлар, доценттер, кафедра оқытушылары, сондай-ақ ауыспалы құрамның өкілдері-мінсіз қызметтік-әскери тәртібі бар және белсенді ғылыми-зерттеу жұмысын жүзеге асыратын кәсіби даярлық факультетінің тыңдаушылары кіреді. Ғылыми кеңестің шешімдері Ғылыми Кеңес туралы ережеде айқындалған құзыретке сәйкес оқу-тәрбие, ғылыми-зерттеу, қаржы-шаруашылық қызметін ұйымдастыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және институтты дамыту жөніндегі барлық негізгі мәселелер бойынша ұжымдық талқылау арқылы қабылданады. Ғылыми кеңестің жұмысын ұйымдастыруды, құжаттамалық қамтамасыз етуді және шешімдерінің орындалуын бақылауды Ғылыми кеңестің ғылыми хатшысы жүзеге асырады.

Документы соискателей ученого совета

Байсултанов Алтай Бисенович

15.07.2022 г.