Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Жас ғалымдар кеңесі

Қазақстан Республикасы ІІМ

М.Бөкенбаев атындағы

Ақтөбе заң институты

бастығының міндетін

атқарушының

2021 ж. «05» 10. №117          

бұйрығына 1-қосымша

Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы

Ақтөбе заң институтының Жас ғалымдар кеңесінің

ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ереже

1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының Жас ғалымдар кеңесі (әрі қарай – ЖҒК) өз жұмысын орындауда ҚР «Білім туралы» заңына, ҚР «Ішкі істер органдары туралы» заңына, өзге де құқықтық актілерге сүйенеді. Кеңес өз қызметінде институт бастығының және бастықтың ғылыми жұмысы жөніндегі орынбасарының бұйрықтары мен үкімдерін, институттың жедел отырыстарында, ғылыми кеңестің қабылдаған шешімдерін басшылыққа алады.

2. ЖҒК институт бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары бекіткен жылдық жоспар негізінде жұмыс жасайды. Жылдың қорытындысы бойынша есеп дайындалып, кеңестің жалпы жиналысында баяндалады.

3. ЖҒК институт ішінде құқықтық және жалпы ғылымның өзекті мәселелерін шешу, тиімділігін арттыру мақсатында құрылады.

4. 40 жасқа толмаған ғылыми мамандар, ізденушілер, адъюнктер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми қызметпен айналысып жүргендер жас ғалым болып таныла алады.

5. ЖҒК –– институт басшылығының жанындағы қоғамдық ұйым.

6. Институттағы ЖҒК ұйымдастыру жауапкершілігі және құрылымдық бөлімшелермен қызметті негізге алу институттың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасарына тапсырылады.

  • ЖҒК міндеттері

7.       Институт жас ғалымдарының кәсіби тұрғыда өсуі мен негізгі және қолданбалы зерттеулерге белсенді араласуына көмектесу.

8.     Ғылыми кеңесте және институт басшылығында, сонымен қатар, мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдарда жас ғалымдардың құқығын қорғау, ұйымның өкілдік қызметін атқару. Түрлі кәсіби арнада жас ғалымдардың пікірін негізге алу.

9. Өзекті ғылыми мәселелерді шешуде жас ғалымдардың күшін жұмылдыру.

10. Арнайы жасақталған шаралар негізінде жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жандандыру.

11.   Жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу жобаларына, ғылыми гранттарға, конкурстарға, бағдарламалар мен тағылымдамаларға қатысу нұсқаларын жетілдіру.

12. Басқа ғылыми ұйымдар және жоғарғы оқу орындарымен байланыс орнату.

3. ЖҒК қызметінің бағыттары

13.    Семинар және конференциялар ұйымдастыру. Сонымен қатар, жас ғалымдардың, ғылыми мектептердің атаулы ғалымдарымен кездесу мен шеберлік сағаттарын өткізу

14.   Жас ғалымдардың республикалық және халықаралық конференцияларға, симпозиумдарға, семинарларға, тағылымдамаларға қатынасуына қолдау көрсету.

15.   Алыс-жақын шетелдердегі, Қазақстан Республикасындағы грант, қор, конференциялар, конкурстар, өзге де шаралар туралы ақпараттандыру. Қазақстан Республикасының жас ғалымдар кадрын мемлекеттік қолдаулары туралы хабарлау.

16.   Жас ғалымдарға көмек ретінде Отандық және шетелдік қорлар мен гранттық бағдарламалар туралы ақпаратты жинақтап, жүйелеу.

17.    Жас ғалымдарға ғылыми жұмыстарын жариялауда ғылыми-әдіснамалық және ұйымдастырушылық қолдау көрсету.

  1. Институт жас ғалымдарының мәліметтер банкін құру.
  2. Ілгерлеу мақсатында қор жинақтауға қатысу.
  3. Адъюнктура, докторантура, магистратура түлектерін педагогикалық қызметке тез үйренуіне шаралар қолдану.

21.   Жас ғалымдар мен мамандарға ғылыми-зертеу жұмыстарының нәтижелерін оқу үдерісі мен тәжірибеде қолдануына көмек көрсету.

22. Ғылыми зерттеулердің әдісі мен әдіснамасын іздеген меңгерушілерге кеңес беру.

23. Жас ғалымдардың жұмыс қорытындысын жасап, оны дамытудың ұсыныстарын қарастыру.

24. Институт ҒЗҚ-ның жоспарын құруға қатысу

4. ЖҒК-нің құқықтары

25.ЖҒК өз қызметін атқаруда төмендегідей құқықтарға ие:

          – Кеңестегі жас ғалымдарды материалдық-техникалық  қамтамасыз етуге қатысты барлық сұрақтарына ұсыныстар дайындау;

          – жас ғалымдардың мәселелеріне қатысты нормативтік актілер және құжаттарды дайындау мен сараптауға қатысу;

           – жас ғалымдардың жетістіктеріне сай сыйақылар мен марапаттауларға ұсыныс білдіру;

         – ғылыми конференцияларға, семинарларға, симпозиумдарға және т.б. іс-шараларға қатысу үшін үміткерлерді ұсыну;

          – Институттың ғылыми кеңесінің жұмысына құзыреттілік танытып, араласуына қатысу;

           – жас ғалымдар мен оқытушыларды, мамандарды аттестациялауға қатысу;

           – жас ғалымдардың зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне талдау жасау;

          – өзінің қызметіне қатысты институт басшылығына кез келген сұрақ бойынша жолығуына болады.

5. ЖҒК-нің қызметін ұйымдастыру қағидалары

26. Институттың ЖҒК-ға ерікті түрде қабылданады. Кеңес құрамынан төраға, төрағаның көмекшісі және хатшы сайланады. Төраға кеңестің қызметін ұйымдастырып, жас ғалымдардың құзыреттілігін өз мойнына алады. Кеңес төрағасы орынды себептерге байланысты болмаған жағдайда, қызметті төраға көмекшісі атқарады.

27. Институттың ЖҒК-нің төрағасы 40 жастан аспаған, жас қызметкерлер тізімі негізінде жасырын немесе ашық түрде дауыс беру арқылы сайланады (көпшілік құрамның шешімімен). Жиналыс тізім бойынша мәжілісте жас ғалымдардың 3/2-сі қатысып отырса, құқықтық негізге ие. ЖҒК төрағасының өкілеттік уақыты аяқталған жағдайда қайтадан сайлануына болады.

28. Кеңес өзінің қызметіне сай құрамы мен құрылымын жалпы отырыста жасақтайды.

29. ЖҒК-нің төрағасы институттың Ғылыми кеңесі құрамына енеді.

30. ЖҒК мәжілісі жылына төрт отырыстан аз болмауы керек. Талқыланған мәселе шешім ретінде қабылданып, хаттамада көрсетіледі. Хаттама мен шешімдер ЖҒК хатшысында сақталады.

 31. Кеңестің шешімі ашық дауыс беру мәжілістегі құрамның жалпы дауысы арқылы қабылданады. Қаралып отырған мәселеге байланысты дауыс тең болған жағдайда төраға шешуші дауысқа ие бола алады. Қабылдаған шешімге байланысты келіспеушілік болған жағдайда кеңес мүшелері өзінің пікірлерін білдіруге құқылы.

Институт Ғылыми кеңесінің отырысында талқыланды және мақұлданды

2021 ж. «22». 09 , № «1»  хаттама