Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Тыңдаушылардың «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының теологымен кездесуі

30.05.2023

Мемлекеттегі радикализмнің алдын алу, діндегі идеологияны дұрыс бағытта қалыптастыру мақсатында “Аңсар” ақпараттық-талдау орталығының теологы Тастанбек Разақовтың Институт жеке құрамымен кездесу ұйымдастырылды. 

Облыстағы радикалды ағымдардың жүйесін талдайтын орталықтың маманы “экстремизм” және “терроризм” ұғымдарына кеңінен тоқталып, оларға қарсы профилактикалық шаралардың жүзеге асуын түсіндірді.

Сондай-ақ, радикалды ағымдардың қоғамға тигізетін әсері жөнінде ой бөлісіп, қазіргі кездегі діни ахуалдың жағдайына байланысты дін мен тәрбиенің өзектілігін айқындап берді.