Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

тыңдаушыларға оқу үшін ұсынылатын әдебиеттер (кітаптарды онлайн оқи аласыз)

Бауржан Бабажанұлы. Ниетқабыл

21.11.2023

Жинақта негізінен соңғы жылдары жазған жырлары мен баллада-поэмалары еніп отыр. Өзекжарды өлеңдерден өмірдегінің бәріне өзін жауаптыдай сезінетін беймаза ақын жанын ел, жер, тіл, дін, ұлт тағдыры, ұрпақ қамы шынайы толғантатыны сезіледі. https://adebiportal.kz/kz/books/view/3367

V–ХІІІ ғасырлардағы Баласағұн қаласы. І том.

21.11.2023

Белгілі археолог-ғалым, профессор У.Х. Шәлекеновтің үш томдық ғылыми еңбектерінің бірінші томына «V–ХІІІ ғасырлардағы Баласағұн қаласы» атты зерттеу еңбегі еніп отыр.Кiтапта кешенді деректердің, соның ішінде жаңадан қол жеткен құнды археологиялық жәдігерлердің негізінде ертедегі ортағасырлық тарихи қала – Баласағұнның орналасқан жері нақтыланған, оның саяси, экономикалық және рухани мәдениеттің ірі орталығы болғаны баяндалған.

Бауыржан Момышұлы. Ұшқан ұя.

21.11.2023

Бұл повесть жазушының өзіне тән суреткерлік бетін танытты. Шыншылдық, нақтылық, өмір материалын жетік білушілік – жазушыға көптен-көп қажет қасиеттер. Қалың халық ортасында, қарапайым семьяда туып өскен, жастай шешесі өліп, ақылды ана, қарт ана, үлкен шешесінің қолында тәрбиеленген Бауыржанның жасынан сезімтал, елгезек, ойшыл болып өскенін көреміз. https://adebiportal.kz/kz/books/view/830

Альберт Камю. Оба. Роман

21.11.2023

Бұл шығарма oқырманды Алжир өлкeсінe әкeлeді. Бұлшаң-тoзаңға көмілгeн, аңызақ жeлдің oртасындағы Oран қаласы сұрқай, тіршіліксіз түрдe сурeттeлeді. Шығарманың баяндау тілідe құрғақтау, аскeттік сипатта. Oсы бір oба жайлаған қаланың шeжірeсін күтпeгeн жeрдeн шыға кeлгeн эпидeмиядан қoрғауды ұйымдастырушы дoктoр Риэ жүргізeді.

Жүсіпбек Аймауытов. Шағармалары. Т.2

21.11.2023

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі. Оның шығармашылығы сан қырлы. Алты томдық шығармалар жинағының 2-ші томына «Ақбілек», «Қартқожа» романдары еніп отыр. 1996 жылы Жүсіпбектің бес томдық шығармалар жинағы шыққан болатын. Содан бергі уақытта оның шығармашылығы ғылыми зерттеліп, жаңадан бірсыпыра туындылары табылды. Қаламгердің шығармалары алты томға толықтырылып, қайта жарияланып отыр.

Титаник

21.11.2023

1912 жылдың 10 сəуірінде Саутгемптоннан (Англия) Нью-Йоркке (АҚШ) «Титаник» өзінің бірінші сапарын орасан зор лайнер шаттанған дүйім жұрттың қошеметіне бөленіп, порттан шықты. Төрт күннен кейін ол мұзтаумен соқтығысып батыпкетті. Құтқарылған адамдардан опат болғандары екі есе көп болып шықты.