Повесте майдан күнделіктері, хаттар мен сөз сөйлеулер жарияланды. Александр Бек “Волоколам тас жолы” атты туындысының жарық қөруі Бауыржан Момышұлының қатысуымен бейнеленеді .
Бұл кітап барлық қиындықтарды жеңіп, өзіңе сену және бақытты болу туралы.
Кітап әрбір адам өз сезімдері мен эмоцияларын, дене денсаулығын, қаржы, айналадағы адамдармен қарым – қатынасты бақылауға алатын ең тиімді стратегиялар мен нақты тәсілдер туралы әңгімелейді. Жалпы көпшілік оқырманға арналған.
Үшінші өнеркәсіптік революция тұжырымдамасының авторы, белгілі ғалым, ықпалды американдық экономист және эколог Джереми Рифкин жақын жарты ғасырда дәстүрлі орталықтандырылған бизнес үлгілерінің орнына жаңа құрылымдар келуі тиіс деп есептейді. Оның үшінші өнеркәсіптік революцияның көрінісің Еуропалық қоғамдастық пен Қытай ресми түрде қабылдады және БҰҰ қолдау көрсетті, және қазірдің өзінде жаңа экономикалық парадигманы …
Маргарет Митчеллдің (1900-1949 жж.) жалғыз романы. Оның өмірі қайғылы апат салдарынан ерте аяқталды, бірақ «кішкентай батыл әйелдің» қиялынан туған Скарлетт О’Хара мен Ретт Батлердің суреттері – американдық сыншылар айтқандай, мәңгі өмір сүруге арналған. Бұл махаббат пен соғыс, сатқындық және адалдық, қатыгездік және өмірдің сұлулығы туралы кітап.
Шарлотта Бронтедің ең танымал романы басты кейіпкердің эмоционалдық және рухани өсу үдерісіне тартады, бұл нақты Шарлоттаның тікелей көрінісі. Кітапта Джейн Эйр өзінің әлеуметтік мәртебесіне қарамастан өзіндік қасиетін іздейді .
Неміс жазушысы Юрга-Торвальддің әлемдік бестселлері. Бұл ғылыми детектив немесе бір ғылымның детективтік тарихы. Дәлелді фактілерге сүйене отырып, криминалистиканың пайда болуы мен дамуы туралы тартымды оқиға нақты қылмыстық істерді тергеу мысалдарымен сипатталады.
Атап айтқанда, қылмыстық қудалаудың мәні, оны жүзеге асырудың жалғыз “материалы” іздері, дәлелдемелерді қалыптастыру, тергеушінің ұйғарымы шегінде, қылмыстық қудалауды жүзеге асыру кезінде айыптау және басқа да өзекті мәселелер мен дилеммалар қаралды.
Атақты итальяндық ғалым Чезаре Ломброзоның (1835-1909) жұмыстарының жинағынаоның криминология бойынша еңбектері — “қылмыс”, “қылмыскер туралы ғылымның жаңа табыстары”, “анархистер” енгізілген. Кітап студенттерге, аспиранттарға, Заң жоғары оқу орындары мен факультеттердің оқытушыларына арналған.
Ілияс Есенберлиннің шығармашылығында атақты «Көшпенділер» трилогия негізгі орын алады. Трилогиясы тарихта ешқандай «жоғалып кетулердің» болмағанын‚ осы ғасырлардың бәрінде де қазақ халқы өзінің ежелгі жерінде өмір сүріп‚ еңбек еткенін сенімді түрде көрсетеді. www.adebiportal.kz
|