Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

9-мм Макаров тапаншасынан ату жарысы

19.03.2024

Ұлы Отан соғысының батыры М.Бөкенбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай және «Наурыз мейрамы» қарсаңында, институт басшылығының қолдауымен институттың арнайы-тактикалық даярлық кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамымен 2024 жылдың 19 наурыз күні тұрақты құрам арасында     9-мм Макаров тапаншасынан ату жарысы ұйымдастырылып, өткізілді.

Жарысқа қатысушылар сапқа тұрғызылып, жеребе тартылып, реттік сандары анықталды және жарыстың ережесімен, қару мен оқ-дәрілерді қолдану кезіндегі қауіпсіздік шаралары түсіндірілді.

Аталған жарыста институт қызметкерлері мергендіктерін көрсетіп, үздіктер анықталып, марапатталды. Атап айтсақ, ерлер арасында: 1-орынға институттың көлік объектілерінде қауіпсіздікті ұйымдастыру кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры А.А.Длимов ие болса, 2-орынға институттың кезекші бөлімінің бастығы полиция майоры Ш.Т. Ельтаев және 3-орынға институттың біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау факультетінің бастығы полиция подполковнигі Е.Е. Қайнар ие болды.

Сонымен қатар әйелдер арасында: 1-орынға институттың оқытудың ақпараттық техникалық құралдары бөлімінің технигі полиция сержанты З.И.Шуманова ие болса, 2-орынға институттың оқу-әдістемелік орталығы бастығының орынбасары полиция подполковнигі А.С. Галиуллина және 3-орынға институттың кәсіби даярлық факультетінің аға оқытушы-әдіскері полиция майоры Ш.Т. Жайлаубаева ие болды.

Жарыс естелікке суретке түсумен салтанатты түрде аяқталды.