Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, қысқартылған оқыту нысаны бойынша білім алушы түлектердің мемлекеттік емтиханы.

17.04.2024

Қазақстан Республикасы ІІМ Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында 2024 жылдың 17 сәуірінде қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, қысқартылған оқыту нысаны бойынша білім алушы түлектердің мемлекеттік емтиханы өтті.

Мемлекеттік емтиханды өткізу алдын-ала дайындықты қажет етті. Мемлекеттік емтихан бағдарламасын дайындау бойынша әдістемелік және ұйымдастырушылық жұмыстар жүргізілді, емтихан билеттерінің практикалық бағыттылығы күшейтілді. «Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы» және «ІІО-ның Әкімшілік қызметі» пәндері бойынша тыңдаушылардың құзыреттерін объективті бағалау үшін қажетті жағдайлар жасау маңызды болды.