Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Қазақстан полициясына 30 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті.

23.06.2022

Қазақстан полициясына 30 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті.

Қазақстан Полициясының 30 жылдығына арналған мереке күні, ішкі істер саласында қызметтік міндетін атқаруда адалдық танытып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін, халқымыздың тыныштығын, заңдылық пен құқық тәртібін қорғайтын, білікті маман даярлауда қажырлы еңбек атқарып келе жатқан институттың үздік қызметкерлері ұлықталды. Жауапкершілігі зор құқық қорғау саласында адал қызметі үшін омырауларына «ІІО үздігі», «Қазақстан Полициясына 30 жыл» төсбелгілер тағылып, грамоталар және алғыс хаттар табысталды.

Өткен жылдардың тәжірибесісіз болашақты құру мүмкін емес. Институттың барлық даму кезеңінде ардагерлер шетте тұрмады, сөзбен және іспен институттың Қазақстан Республикасы ішкі істер министірлігінің жетекші оқу орны болуына көмектесті.

Саналы ғұмырларын осы оқу орнына арнаған ардагерлеріміздің өмір жолы, мол тәжірибелері, мейірім мен даналықтары, терең білім мен біліктері жастарға үлкен мектеп. Ардагер полицейлерге Қазақстан Полициясының 30 жылдық мерейтойымен құттықтап алғыс айтып, құрмет білдірілді.

«Ер-еңбегімен бағалы» дегендей азамат үшін еткен еңбегі еленіп, абырой биігінен көрінуден асқан бақыт жоқ. Мерейлі мереке қарсаңында құқық қорғау саласында қажырлы еңбек етіп, абыройлы қызмет атқарған полиция офицерлері енді бейнетінің зейнетін көріп, зор абыроймен ардагерлер сапына қосылуда.

Зейнеткерлерімізді Есмамбетова Жанат Мынбаевна, Салауатов Максат Салауатовичті, Тулешев Мурат Давлетбаевичті осынау қатар келген қос бірдей айтулы мерекемен құттықтай отырып, институт басшылығы және жеке құрамы атынан «Алғыс хаттар» және естелік сыйлықтар табысталды.

Кәсіби білім мен білікті, адалдық пен белсенділікті, қажыр-қайратты талап ететін құқық қорғау қызметінің жауапкершілігі қашан да жоғары. Жауапты қызметімен қатар спортта да әлемдік аренада танылып жүрген сақшыларға тәнті болмау мүмкін емес.

Спортты жанына серік еткен нәзік жанды аруларымыз, өзіміздің оқу орнымыздың түлектері спорттың бірнеше түрінен жоғары көрсеткіштерге жетіп жүргенін мақтанышпен айта аламыз.

Айтулы мерекеде, институтымыздың ғана мақтанышы емес, әлемдік деңгейде Қазақстанның даңқын асырып жүрген  қызметкерлеріміздің спорттық жетістіктерін паш етіп, марапаттауды жөн санадық.

Динара Арғынқызы Дүйсенбаева, дене шынықтыру кафедрасының бастығы, Әлем чемпионы, Әмбебап ұрыстан және пышақ лақтырудан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Дзюдодан және Самбодан Қазақстан Республикасының спорт шебері, Қоян-қолтық ұрыстан халықаралық дәрежедегі төреші.

Анар Серікқызы Сейтімова, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша мамандарды даярлау орталығының оқытушы-әдіскері, Азия чемпионатының 3 дүркін чемпионы, 2 дүркін күміс жүлдегері, самбодан Қазақстан чемпионы, самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 4 дүркін самбодан әйел дзюдошылар арасынан Қазақстан Республикасының спорт шебері.

Қазақстан Полициясының 30 жылдығы қарсаңында жеңіске жетіп, көк туымызды көкке көтеріп, әнұранымызды шарықтатқан және өздері тәлім мен тәрбие алған білім ордасының мәртебесін көтеріп, мерейін әлемдік деңгейде асқақтатып жүрген спортшы қыздарымызды құттықтап, сәттілік тілейміз!

Еліміздің барша ішкі істер саласындағы қызметкерлерді Қазақстан Полициясының 30 жылдығымен құттықтаймыз, еңбектеріңіз жана берсін!