Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Шетелде лаңкестік әрекеттерге қатысатын Қазақстан Республикасының кәмелетке толмаған азаматтарын оңалту, сондай-ақ елдің ішінде балаларды деструктивті ықпалдан қорғау шаралары туралы» тақырыбына өткізілген дөңгелек үстел

14.04.2018

2018 жылдың 13 сәуірінде Қазақстан Республикасы ІІМ ҒЗЖ 2018 жылға арналған ғылыми зерттеулер жоспарының аясында «Шетелде лаңкестік әрекеттерге қатысатын Қазақстан Республикасының кәмелетке толмаған азаматтарын оңалту, сондай-ақ елдің ішінде балаларды деструктивті ықпалдан қорғау шаралары туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараны Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының әкімшілік құқық және ІІО әкімшілік қызметі кафедрасы ұйымдастырды.

Өткізілген дөңгелек үстелге Қазақстанның барлық облыстарынан біліктілігін арттыру курсына келген ІІД ЖПҚ КТІЖ инспекторлары қатысты.

Модератор ӘҚ және ІІО ӘҚ кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі М.О.Избасов дөңгелек үстелге шақыртылған қонақтарды Ақтөбе облысы прокурорының аға көмекшісі әділет кіші кеңесшісі                 А.Б. Нұрымованы, Ақтөбе қаласы ІІБ ЖПҚ КТІЖ аға инспекторы полиция аға лейтенанты Н.Жолдыбаеваны және «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теологы Ж.О. Сүлейменовті таныстырды.

ӘҚ және ІІО ӘҚ кафедрасы бастығының міндетін атқарушы полиция майоры Е.Қ.Балымов дөңгелек үстелді өткізудің мақсаты еліміздің ішінде балаларды деструктивті ықпалдан қорғау шаралары туралы өзекті мәселелерді қарап талдауға бағытталу екендігін атап өтті.

Іс-шара кезінде қойылған әлеуметтік бейнеролик эмоционалды  пікірталасты тудырды, онда біз еліміздің ішінде балаларды деструктивті ықпалдан қорғау шараларын қолданбасақ, жас ұрпаққа және бүкіл адамзат өркениетіне әсер етуі мүмкін әрекеттер көрсетілді.

Институт бастығының оқу ісі жөніндегі орынбасары полиция полковнигі Д.А. Даулетияров өз сөзінде әлеуметтік желілер біздің өмірімізге қуатты әсер ететіні және өзекті мәселені осы жерде бүгін талқылап қана қоймай, әрі қарай мәселенің шешілуіне елімізде қандайда бір шаралардың қолданылуына белгілі бір ұйғарым шығару керектігімізді атап өтті.

Дөңгелек үстелге қатысушылар еліміздің ішінде балаларды деструктивті ықпалдан қорғау шаралары туралы еңбек тәжірибесінде жинаған тәжірибелерімен өзара бөлісті, сонымен қатар, құқық бұзушылықты алдын алудағы өзекті мәселелер бойынша бір-бірімен тәжірибе алмасуға мүмкіндіктер алды.

         Дөңгелек үстелде халықтың сана сезімін қалыптастыру және деструктивті діни ағымдардың теріс әсерлерін алдын алу үшін әртүрлі дәстүрлі діни құндылығы бар мәдени және білім беру шараларын ұйымдастыру және өткізу, оны БАҚ арқылы жеткізу халықтың діни сауаттылығын ашуға айтарлықтай орын алатыны айтылды.

         Аталған тақырып бойынша баяндамаларды Ақмола облысы ІІД ЖПҚ кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары полиция лейтенанты Е.А.Қалиев, Жамбыл облысы ІІД полиция аға лейтенанты Б.Ж. Сейтбеков, Ақтөбе облысы ІІД полиция аға лейтенанты Г.Е.Тлегенова, Павлодар облысы ІІД полиция лейтенанты С.С. Сапин жасады.

         Талқылау соңында институт бастығының оқу ісі жөніндегі орынбасары полиция полковнигі Д.А. Даулетияров дөңгелек үстелге қатысушылардың балаларды деструктивті ықпалдан қорғау шаралары туралы жалпы пікірін қолдап, әлеуметтік желілер мен қазіргі заманғы онлайн технологиялардың жасөспірімдер мен балалардың сана-сезіміне әсерін тигізбеу үшін қолданатын шаралар бойынша кейін қызметте басшылыққа алатын бірқатар шешімдерді ұсынды.

         Өткізілген дөңгелек үстелде институт оқытушыларымен тыңдаушыларынан және қатысушылар тарапынан, ғылыми-зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми практикалық жұмысты жалғастыруға мүмкіндік беретін көптеген оңтайлы ұсынымдар түсті.

 

ӘҚ және ІІО ӘҚ кафедрасының доценті

полиция подполковнигі

Н.Қ.Оразалин