Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы

27.10.2018

2018 жылғы 26 қазанда Ақтөбе облысы әкімі Б.Сапарбаевтың бекіткен «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы  аясында құрылған мобильді топ Елбасының Жолдауын түсіндіру мақсатында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтына келіп, институт қызметкерлерімен және курсанттарымен кездесті.
Мобильді топ құрамына Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданының әкімі А.А.Әлімбаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Е.Ж.Құрманбек, профессор, экономика ғылымдарының кандидаты Қ.Е.Мамбетов, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес қоғамының Ақтөбе облыстық филиалының бөлім басшысы С.Қ.Оңғар, Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің аға оқытушысы Ж.Е.Иманшиев және топ басшысы ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.С.Айдосов кіреді.
Кездесу барысында топ мүшелері Президент жолдауын жан-жақты түсіндіріп, қойылған сұрақтарға нақты әрі толық жуап берді. 

ТЖБ инспекторы
полиция капитаны
З.А.Мухангалиева