Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

С. БАИШЕВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

22.09.2023

2023 жылғы 22 қыркүйекте Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттары мен міндеттерін түсіндіру шеңберінде ҚР ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің профессорлық-оқытушылық құрамымен және студенттерімен “Құқықтық мәдениет – қауіпсіздіктің кепілдігі”, “Қызметкер имиджі” тақырыптарында кездесу өткізді, кездесуді өткізудің мақсаты құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру және құқықтық мойынсұнушылық мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру болды.

Кездесу барысында  жоғары оқу орындары арасында білім беру және ғылыми қызметті дамыту, жетілдіру саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.