Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ресей ІІМ Воронеж институтымен онлайн байланыс желісінде өткізілген «Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы криминалдық суицидтің алдын алу» тақырыбындағы халықаралық дөңгелек үстел

25.10.2018

2018 жылғы 24 қазанда сағат 16:30-да Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында Ресей ІІМ Воронеж институтымен онлайн байланыс желісінде «Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы криминалдық суицидтің алдын алу» тақырыбындағы халықаралық дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның алғы сөзін Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты тарапынан институт бастығының орынбасары полиция полковнигі Г.Ж. Сулейманова, Ресей ІІМ Воронеж институты тарапынан институт бастығының халықаралық ынтымақтастық жөніндегі көмекшісі полиция полковнигі
Е.А. Пастушкова айтып, білім беру ұйымдарының тығыз да, жемісті ынтымақтастығына тоқталып өтті.
Аталған халықаралық дөңгелек үстелде Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтынан жалпы білім беру пәндері кафедрасының бастығы, п.ғ.к. полиция полковнигі Альфия Фаритовна Саттарова «Психолого-педагогические методы предупреждения криминалистических суицидов несовершеннолетних в деятельности ОВД Республики Казахстан», жалпы білім беру пәндері кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры Жайнагүл Айсұлтанқызы Жукаева «Эпидемия суицидов школьников Казахстана», қылмыстық құқық және криминология кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.м. полиция майоры Бахтияр Шамилович Айметов «Детский суицид и их причины» баяндамаларын көпшілікке ұсынды, сонымен қатар, Ресей мемлекеттік әділеттілік университетінің орталық филиалының қылмыстық құқық кафедрасының доценті, з.ғ.к., доцент Артур Анатольевич Анисимовтің, Ресей ЖОФҚ Воронеж институтының қылмыстық-атқарушылық және қылмыстық құқық кафедрасының бастығы, з.ғ.к., доцент ішкі істер подполковнигі Сергей Александрович Будановтың, қылмыстық құқық және криминология кафедрасының адъюнкті полиция аға лейтенанты Маргарита Юрьевна Пучинаның, қылмыстық құқық және криминология кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.к. полиция подполковнигі  Романа Викторович Колесниковтің,  қылмыстық құқық және криминология кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.к., доцент полиция подполковнигі Леонид Вячеславович  Любимовтің, УУПБ және ІІМ КЖТІЖҚ Воронеж қалалық Ресей ІІМ-нің №2 басқармасының кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспекторы полиция аға лейтенанты Анна Сергеевна Федоринаның баяндамалары тыңдалды.
Қатысушылар кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы суицидтің алдын алуға және ескертуге байланысты көптеген сұрақтарды мектеп оқушылары мен тұлғалар арасында суицидке бейімділерді ерте жаста анықтаудың психологиялық-педагогикалық әдістері негізінде, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының ІІО қызметінде кәмелетке толмағандардың арасындағы криминалистік суицидтің алдын алу шеңберінде талқылады. Халықаралық дөңгелек үстелде көтерілген аталған мәселе қатысушылар арасында қызу талас тудырып, қызығушылықтарын оятты.

ҒЗжРБЖҰ бөлімінің
ғылыми қызметкері
Д.А. Динова