Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Институт аруы – 2018» байқауы

24.02.2018

2018 жылғы 23 ақпанда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының тәрбие жұмысы бөлімі елордамыз Астананың 20 жылдығына орай және 8 наурыз – Халықаралық Әйелдер күні қарсаңында институттың курсант және тыңдаушы қыздары арасында «Институт аруы – 2018» байқауын өткізді.

            Байқаудың мақсаты институттың ару қыздарының өнер өріне талпыныстарын, эстетикалық талғамдарын, сымбаты мен сұлулығын анықтай отырып, адамгершілік пен мәдениеттілікке баулу, шығармашылақ сана сезімдерін жетілдіру, ұлт мәдениеті бағытында тәлім-тәрбие беру.

       Байқауға қатысушы үміткер арулар әр курстың жеке құрамы арасында іріктеліп, КОФ немесе КжҚБФ-мен келісіледі. Сахнаға шығу реті жеребе арқылы анықталады.

       Байқау бес кезеңнен тұрды:

1- кезең. «Арулардың портфолиясы»;

2- кезең. «Макаров тапаншасын жартылай бөлшектеу және қайта жинау»;

3- кезең. Авангардтық сән үлгісі;

4- кезең. Интеллектуалдық кезең;

5- кезең. «Өнерім – өрісім» өз өнерін көрсету (шығармашылық).

            ҒЗжРБЖҰ бөлімінің бастығы полиция подполковнигі А.Қ.Кәрімбаева әділ қазылар алқасына төрағалық етіп, әділ қазы алқасы – ӘжДШД кафедрасының бастығы полиция полковнигі М.Д.Нұршаев, КжҚБФ аға оқытушы-әдіскері полиция майоры Д.Т.Төлеуов, кадр жұмысы бөлімінің аға инспекторы полиция майоры А.Е.Құрманова, Ақтөбе облыстық жастар ресурстық орталығының маманы Н.Алтынбекқызы өз бағаларын берді.

              Байқауда 1 А, 1 Б курсының курсанттары мен арнайы бастапқы оқыту курсының тыңдаушылары арасынан 7 ару бағын сынады. Атап айтсақ,

1 Б курсының 103-оқу тобының курсанты қатардағы полиции Муляр Любовь Николаевна, 1 А курсының 102-оқу тобының курсанты қатардағы полиция Алтыбаева Карина Жардемқызы, 1 А курсының 102-оқу тобының курсанты қатардағы полиция Баситова Интизарим Желлахуновна, арнайы бастапқы оқыту курсының 1 оқу тобының тыңдаушысы Даужанова Гаухар Ғабитқызы, арнайы бастапқы оқыту курсының 1 оқу тобының тыңдаушысы Қонысбек  Гүлбахар Ержанқызы, 1 Б курсының 102-оқу тобының курсанты қатардағы

полиция Кенебай Толганай Болатқазықызы, 1 А курсының 103-оқу тобының

курсанты қатардағы полиция Мырзағалиқызы Баян өнерлерін көрсетті.

      Жүлделі орындар келесі тізім бойынша берілді:

  • «Шебер Ару» номинациясы;
  • «Өнерлі Ару» номинациясы;
  • «Көрермен көзайымы» номинациясы;
  • «Институт үшінші Вице-Аруы» – 3 орын;
  • «Институт екінші Вице-Аруы» – 2 орын;
  • «Институт бірінші Вице-Аруы» – 1 орын;
  • «Институт Аруы – 2018» – бас жүлде.

Байқаудың барлық кезеңі бойынша басымдылық танытып, «Институт Аруы –

2018» – бас жүлдесіне 1 А курсының 103-оқу тобының курсанты қатардағы полиция Мырзағалиқызы Баян ие болды. «Институт бірінші Вице-Аруы» – Кенебай Толганай Болатқазықызы, «Институт екінші Вице-Аруы» – Қонысбек  Гүлбахар Ержанқызы,  «Институт үшінші Вице-Аруы» – Даужанова Гаухар Ғабитқызы атанды. Ал байқаудың номинациялары бойынша «Шебер Ару» – Муляр Любовь Николаевна, «Өнерлі Ару» – Баситова Интизарим Желлахуновна, «Көрермен көзайымы» – Алтыбаева Карина Жардемқызы иеленді.

      Әділ қазылар алқасының шешімі бойынша байқау жеңімпаздары институт бастығының атынан дипломмен, бағалы сыйлықтармен және гүлшоқтарымен марапатталды.

 

ТЖБ инспекторы

полиция капитаны   

З.А.Мухангалиева