Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ЕСІМІ ЕЛ ЕСІНДЕ: ӘЛИЯ МОЛДАҒҰЛОВАНЫҢ ЕРЛІКПЕН ҚАЗА ТАПҚАНЫНА 80 ЖЫЛ БОЛДЫ

15.01.2024

Бүгін Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың ерлікпен қаза тапқанына 80 жыл .

Батыр атындағы мемориалдық музейімен “Елім деп соққан жүрегі” тақырыбында ұйымдастырылған танымдық шараға институттың жас қызметкерлері қатысты.

Бір минуттық үнсіздікпен басталған танымдық кеш, батыр салған сара жолды, оның өмірі мен ерлік істерін өскелең ұрпаққа насихаттау арқылы, жастардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруға бағытталды.

Шара барысында Ә.Молдағұлова даңғылындағы жерлесіміздің құрметіне орнатылған ескерткішке, қатысушылармен гүл шоқтары қойылып, рухына тағзым етілді.