Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Дәріс сабақтарын өткізу кезінде оқытудың интерактивті әдістерін қолдану» тақырыбындағы дөңгелек үстел

27.03.2024

Қазақстан Республикасы ІІМ Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштері әскери институтының өкілдерімен бірлесіп 2024 жылғы 26 наурызда «Дәріс сабақтарын өткізу кезінде оқытудың интерактивті әдістерін қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараның мақсаты екі жоғары оқу орны арасында заманауи әдістер мен технологиялар деңгейінде білім беру процесін ұйымдастыруға және өткізуге мүмкіндік беретін дәріс сабақтарын өткізу кезінде оқытудың интерактивті әдістерін қолданудың үздік тәжірибелерімен алмасу болды.