Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Біліктілікті арттыру  және кадрларды қайта даярлау факультетінің тыңдаушылармен көшпелі сабақ

4.04.2024

2024 жылғы 4 сәуірде Қазақстан Республикасы ІІМ Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау факультетінде оқитын полиция департаменттерінің ювеналды полициясы үшін «халықпен өзара іс-қимылда сервистік тәсілдерді енгізу арқылы полицияға деген сенімді арттыру» тақырыбы бойынша көшпелі сабақ ұйымдастырылды.

Сабақ барысында тыңдаушылар     «Аяла» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының, «Үміт балалар үйі» мемлекеттік мекемесінің, сондай-ақ Ақтөбе қ. ПБ Алматы ауданының № 25 УПП полиция сервистік орталығының жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктерімен танысып, Ішкі істер органдарының сервистік полиция қызметіне қатысты өзекті мәселелерді талқылады полиция мен қоғамның өзара іс-қимылының жаңа нысандары мен әдістерін қолданудың маңыздылығы атап өтілді.