Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау Факультетінің тыңдаушылармен көшпелі сабақ

11.04.2024

2024 жылғы 11 сәуірде Қазақстан Республикасы ІІМ Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау факультетінде оқитын облыстардың ПД бөлімдерінің, бөлімшелерінің бастықтары, ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторлары, табиғат қорғау полициясының аға инспекторлары үшін «Ақтөбе аңшылар мен балықшылар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен бірлесіп «Браконьерлікке қарсы шараларды заңнамалық қамтамасыз ету» тақырыбы бойынша көшпелі сабақ өткізілді.

Өткізілген сабақ барысында тыңдаушылар браконьерлікпен күрес шараларын қамтамасыз етуге қатысты қойылған ситуациялық міндеттерді белсенді түрде шешті.