Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Қала басшылығының алғысы

15.04.2018

2018 жылғы 14 сәуірде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағында Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Гүлбаршын Алпысбайқызы Айдарханова Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ұжымына Наурыз мейрамын тойлауға атсалысқаны  үшін алғысхат ұсынды.

Аталған іс-шараға тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Жылқайдар Жалғасбайұлы Жалғасбай қатысты. Марапаттау рәсімі концерттік бағдарламаға жалғасты.

 

ТЖБ инспекторы

полиция капитаны

З.А. Мухангалиева