Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Арнайы бастапқы оқыту курсының тыңдаушыларымен тәжірибелік қызметкердің кездесуі

19.04.2018

2018 жылғы 18 сәуірде оқу бағдарламасын тәжірибемен ұштастыру мақсатында арнайы бастапқы оқыту курсының тыңдаушыларына (жергілікті полиция қызметі желісі бойынша) сабақтан тыс уақытта біздің институттың түлегі  Астана қаласы ІІД-ден келген ЖПҚ инспекторы полиция лейтенанты

Н.Б. Хамитов тәжірибелік сабақ өткізді.

Аталған сабақта Н.Б. Хамитов атқарып отырған қызметіне сай өзінің тәжірибелік біліктілігімен бөлісті. Н.Б. Хамитов арнайы бастапқы оқыту курсының тыңдаушыларына (жол-патрульдік қызметі желісі бойынша оқып жатырған) сабақтан тыс уақытта тәжірибелік сабақ өткізіп, оларға жол қиылыстарында автокөліктердің жүруін реттеу, арнайы құралдарды қолдану тәрізді тәжірибелік сұрақтармен таныстырып өтті.

Сондай-ақ, кездесуде осы саланы реттейтін заңдар, бұйрықтар, өзге де нормативтік құқықтық актілер туралы мәлімет беріп, Қазақстан Республикасының ҚК, ҚПК, ӘҚтК баптарына тоқталып, әрі қарай жергілікті полиция қызметін жетілдіру жұмыстары жөнінде өз пікірін ортаға салды.

  

ҚжКБФ оқытушы-әдіскері

полиция капитаны

Г.С.Инжилисова