Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

8 наурыз – Халықаралық әйелдер куніне арналған салтанатты іс-шара

9.03.2024

🔸Көктем шуағындай сезім мен нұр құятын 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Институттың әйел қызметкерлердің құрметіне арналған мерекелік іс-шара өтті.

🔸Мерекелік іс-шара барысында алғаш сөз алған институт бастығы полиция полковнигі Н.Мұхаметқалиев құттықтау тілегін жеткізіп, қызметтік міндеттерін орындауда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгендері үшін және 8-наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Ішкі істер министрінің, сонымен қатар Институт бастығының құзырымен әйел қызметкерлеріміз марапатталды.

🔸Бұдан әрі қызметкерлердің дайындаған мерекелік шағын концерттік бағдарлама барысында, әдемі әндер шырқалып, нәзік жанды аруларымызға гүл шоқтары сыйға тартылды.