Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

4 мамыр күні Ақтөбе қаласының 155 жылдығына орай, 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесі қарсаңында “Рухты Ақтөбе” әкери-патриоттық турнирі өтті.

4.05.2024

4 мамыр күні Ақтөбе қаласының 155 жылдығына орай, 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесі қарсаңында “Рухты Ақтөбе” әкери-патриоттық турнирі өтті. Қала жастарының бойына отанға деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында жасалған іс-шараны Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.

Жастарды жүйелі түрде дене шынықтыру мен спортқа жаппай тарту, Ақтөбе қаласындағы ең мықты Street Workout спортшыларын анықтау, жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру ісін жетілдіру, өскелең ұрпақтың бойында Отанды қорғаумен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған турнирдің ашылу салтанатында Ардақ Мақсоткерейұлы, Абай Дидарұлы, Қайырбек Таханов жастарға жылы тілек-лебіздерін білдіріп, сәттілік тіледі.

Турнирде 16-25 жас аралығындағы ерлерден құралған 10-ға тарта команда сынға түсті. Сайыс 5 кезеңнен тұрды.
Турнир барысында ер азаматтың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына, жастардың Отанға деген махаббатын арттыру мақсатында маслихат депутаттары Марат Қойлыбаевпен және Абай Дидарұлымен жастардың кездесуі өтті.

Турнир соңында маслихат депутаттары Марат Қойлыбаевпен және Абай Дидарұлы қала әкімі Азамат Бекеттің атынан турнир жеңімпаздарын дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапаттап, барлық қатысушы командаларға алғыс хаттар табыстады.

Нәтижесінде, біздің ҚР IIM М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты 1 орынды, 30238 әскери бөлім 2 орынды, ҚР ҚМ Әскері 3 орынды иеленді.
Сонымен қатар, турнир соңында қала әкімі атынан қаламыздағы әскери бөлімнің үздік офицерлері және 6655 әскери бөлімінің 1-23 шақырылымының үздік сарбаздарын марапаттады.