Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

1 наурыз – Алғыс айту күні

28.02.2018

2018 жылғы 27 ақпанда 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай, Облыстық Ішкі саясат басқармасы «Шексіз алғыс» өзге ұлт өкілдері жастарының  қатысуымен жастар акциясын өткізді.

Шараның мақсаты – жастардың бойында ризашылық пен алғыс туралы түсінікті дәріптеу, жас буынның үлкендерге, кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту, әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.

Аталған іс-шараға 1 А курсының 4 курсанты және институттың тәрбие жұмысы бөлімінің инспекторы полиция капитаны З.Мухангалиева қатысты. 

 

ТЖБ инспекторы

полиция капитаны            

З.А.Мухангалиева