Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ҰЛТТЫҚ ТРЕНИНГІ

27.01.2018

2018 жылғы 22 – 26 қаңтар аралығында  «Қатерлер мен қауқарсыздық: негізгі қатерлі топтар мен адам құқығын қорғауға қатысты құқық қорғау қызметі» тақырыбы бойынша жергілікті полиция қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында БҰҰ басқармасымен  бірге ұлттық семинар-тренинг өтті.

         Семинар тренингті өткізушілер:

  1. Н.А.Тулкинбаев – Қазақстан Республикасы ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының ІІО әлеуметтік жұмыстарды ұйымдастыру кафедрасының бастығы, п.ғ.к., доцент, полиция полковнигі.
  2. Е.К. Балымов – Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының оқытушысы, докторант, полиция капитаны.

Сонымен қатар, семинар-тренингке шақырылды:

  1. О. Ибрагимова — АИТВ жұқтырған адамдардың Қазақстандағы бағдарламалық координаторы.
  2. Е. Нурсанов — Ақтөбе облысы наркологиялық диспансері бастығының орынбасары.
  1. А. Жайлаубаева — ЖҚТБ орталығының өкілі, алдын алу бөлімінің меңгерушісі.
  2. С. Даут — дәрігер – эпидемиолог.

Семинар-тренингте келесі тақырыптар қарастырылды:

– Эпидемиологиялық түсінік, алдын алу, АИТВ-ЖҚТБ-мен ауырған адамдарды күту;

–  Құқық қорғау органы қызметкерлерінің қоғамдық денсаулықты сақтауда, қатерлі топтармен олар жұмыс жасағандағы атқаратын жұмыстарына шолу;

–  тінту және наркотәуелділікке кіріспе және зияндылықты азайту шаралары;

– құқық қорғау органдары, наша қолданатын адамдарға жеке қарау әрекеті, моральдық нормалар;

– АИТВ-ЖҚТБ эпидемиясының алдын алу жұмысының тиімділігін көтеру мақсатында  топтармен жұмыс жасауды ұйымдастыру.

Семинар-тренинг аяқталған соң, барлық қатысқан тыңдаушыларға сертификат берілді. 

 

КжҚБФ аға әдіскер оқытушысы

полиция майоры                                                                     

А.Сагынтаева