Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы өткізген «ІІО іздестіру жұмыстарын жетілдіру» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысу

19.10.2018

     2018 жылғы 18 қазан күні Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының базасында өткізілген «ІІО іздестіру жұмыстарын жетілдіру» (онлайн-режимде) атты ғылыми-тәжірибелік конференцияға Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының жедел-іздестіру қызметі кафедрасы мен   ҒЗжРБЖҰБ бөлімінің қызметкерлері  қатысты.
     Институт тарапынан модератор болып ЖІҚ кафедрасы бастығының орынбасары полиция майоры К.Е.Қаратаев сөз сөйледі.
     Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы тарапынан модератор болып Ғылыми-ізденіс орталығының бастығы полиция полковнигі А.Н.Цой сөз сөйледі.
     Бұл ғылыми-тәжірибелік конференцияға алғысөзбен Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Г.Ж.Сулейманова сөз сөйлеп, «Қазіргі замандағы ІІО іздестіру жұмысының өзекті мәселелері» тақырыбына ЖІҚ кафедрасы бастығының орынбасары полиция майоры К.Е.Қаратаев баяндама жасап, сөз сөйледі.
     Конференция жұмысында ІІО іздестіру жұмыстары тұтас алғанда, тергеуден, анықтау органдары мен соттан жасырынған, із-түссіз жоғалған және танылмаған мәйіттердің тұлғасын анықтау бойынша қылмыстық құқықбұзушылық жасаған, қылмыскерлерді іздестіруді жетілдіру сұрақтары бойынша өзекті мәселелер талқыланды және олар бойынша қатысушылар өздерінің пікірлерімен және тәжірибелерімен бөлісті.

ЖІҚ кафедрасы бастығының орынбасары
полиция подполковнигі   
К.Е.Қаратаев