Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы ІІМ Ғылыми-техникалық кеңесінің №8 бейіндік секциясының отырысына қатысқандығы туралы

20.03.2018

2018 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы ІІМ Ғылыми-техникалық кеңесінің №8 бейіндік секциясының отырысында «Газды қаруға, травматикалық патрондармен ату мүмкіндігі бар газды қаруға, сондай-ақ пневматикалық қаруға баллистикалық криминалистикалық зерттеулер мен сот сараптамаларын жүргізу кезінде туындайтын проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары» тақырыбында Қазақстан Республикасы ІІМ Жедел-криминалистикалық департаменттің ұсынымы бойыншаҚазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтықылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының жүргізіп жатқан зерттеуіне байланысты аралық есеп ұсынылды.

Мәжілісті Қазақстан Республикасы ІІМ Жедел-криминалистикалық департаментінің бастығы полиция полковнигі А.Ш.Мухамедов ашты. Ғылыми-зерттеу тақырыбының жетекшісі, полиция майоры С.М.Минайдаров аралық есебімен таныстырды.

Мәжіліс кезінде бейіндік секция мүшелерінен келешекте ғылыми-зерттеу жұмыстарын тереңдетіп зерттеу және газды, травматикалық және пневматикалық қаруларды баллистикалық зерттеу өндірісіндегі тәжірибе кезінде проблемалық сұрақтардың болу жолдары туралы сұрақтар түсті.  Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының бастығы полиция поковнигі А.Г. Игольников мәжіліске қатыса отырып, қорытынды есепті дайындау кезінде қысқа мерзімде кешенді шаралар өткізу керектігін айтты.

 

Қылмыстық процесс

және криминалистика

кафедрасының оқытушысы

полиция майоры

С.М. Минайдаров