Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Қазақстанның «100 жаңа есімі»

24.10.2018

2018 жылғы 23 қазанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жүзеге асып жатқан «100 жаңа есім» жобасы тізіміне енген Ақтөбе қаласының тумасы, Ақтөбе облысы ІІД жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау полициясы бөлімшесінің бастығы полиция подполковнигі Юрий Борисович Хонмен 1 А және 1 Б курсының курсанттары арасында кездесу ұйымдастырылды.
Жобалардың қай-қайсысы да өзінің мазмұны, ауқымдылығы және идеологиялық маңыздылығымен құнды. Соның ішінде, әсіресе «100 жаңа есім» жобасының алар орны айрықша.
Кездесу барысында полиция подполковнигі Юрий Борисович Хон ІІО қызметке қалай келгендігі, жобаға қалай енгендігі, қазіргі қызметі туралы әңгіме айтып, курсанттардың қойған сұрақтарына жауап берді.
Кездесу соңында полиция подполковнигі курсанттарды тәртіпке бағынуға, қабылдаған анттарына берік болуға шақырды.

ТЖБ инспекторы
полиция капитаны
З.А.Мухангалиева