Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«ІІО қызметкерлерінің кәсіби деформациясы мәселесін еңсеру жөніндегі жұмыс формасы мен әдістері» тақырыбында семинар-тренинг

26.10.2018

 Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында 2018 жылдың 25 қазанында ғылыми-зерттеу және ізденіс құрастырмалы жұмысының жоспарына сәйкес жалпы білім беру пәндері кафедрасының ұйымдастыруымен «ІІО қызметкерлерінің кәсіби деформациясы мәселесін еңсеру жөніндегі жұмыс формасы мен әдістері» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.
Іс-шараның алғашқы сөзін институт бастығының міндетін атқарушы заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі Ғ.Ж.Сүлейманова ашты.
Семинар-тренингке Ақтөбе облыстық МКҚБ, Ақтөбе облыстық Ұлттық гвардия, Кеңес Одағының екі мәрте батыры Т.Я.Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштері Әскери институтының психологтары және институттың кафедра бастықтары қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты – құқық қорғау органы қызметкерлерінің кәсіби деформациясы мәселесінің алдын алу кезіндегі әдістемелік нұсқамалар әзірлеу.
Семинар-тренингтің бірінші бөлімінде жалпы білім беру пәндері кафедрасының бастығы педагогика ғылымдарының кандидаты полиция полковнигі А.Ф.Саттарова «кәсіби деформация» терминіне түсінік беріп, қызметтік тәртіп ережелері және заңдылықты бұзуға, жемқорлыққа қарсы заңдылық пен эмоционалдық күйзеліске түскен тұлғаның өзгеруіне алып келетін жағдайлар негізінде өз бөліміне сенімді әңгімелесуге қатысушы қызметкердің кәсіби деформациясы туралы баяндады.  
Семинардың екінші бөлімінде ІІО қызметкерлерінің психологиялық суретін құрастыру негізінде кәсіби деформацияның алдын алу мақсатында қатысушылармен әдістемелер әзірленіп, кафедраның ғылыми-зерттеу ізденісінің есебінде көрсетілетін болады.
Соңында семинар-тренинг жұмысына белсене қатысқаны үшін қатысушыларға алғыс хат табыс етілді.

Жалпы білім беру  пәндер кафедрасының аға оқытушысы
полиция майоры
Жукаева Ж.А.