Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ЭКСПЕРТТЕРДІҢ КІРІСПЕ САПАРЫ

30.06.2022

Академиялық ұтқырлық шеңберінде, сондай-ақ тәжірибе алмасу және бейіндік бағыттағы оқу орындары мен мемлекеттік мекемелер арасындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында 2022 жылы 30 маусым айында қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасына “ҚР ӘМ ССО РМҚК филиалы” Ақтөбе өңіраралық сот сараптамалары орталығы директорының сот – медициналық мәселелер жөніндегі орынбасары Б.Сағындықов, Марат Оспанов атындағы БҚМУ КЕАҚ қалыпты және топографиялық анатомия кафедрасының меңгерушісі С.Б.Рахманов, сондай-ақ “сот медициналық сараптамасы” мамандығы бойынша резиденттер: Смағұлов Г.Н., Өтесін М.А., Мәмбетов Қ.Ж., Есқали Х.А. кіріспе сапармен келді. Олар кафедраның материалдық-техникалық базасымен, оқу полигондарымен, кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы шығарған ғылыми еңбектерімен және оқу құралдарымен танысты. Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастық және бірқатар мәселелер бойынша тәжірибе алмасу, сондай-ақ меморандум жасасу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.  

ҚҚҚПжК кафедрасының бастығы

полиция полковнигі                                                                   Саханова Н.Т.