Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Шаңғы жарысы

25.02.2018

2018 жылғы 3 ақпанда «Патон» туристік базасында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ауыспалы құрамы арасында шаңғыдан жарысы ұйымдастырылды.

Жарыстың ашылу салтанатында әскери және дене шынықтыру даярлығы кафедрасының бастығы полиция полковнигі Нұршаев Мейрамхан Дайрабайұлы сөз сөйледі.

          Жарыстың ережелерімен ауыспалы құрамына әскери және дене шынықтыру даярлығы кафедрасының оқытушылары таныстырды.

Шаңғы жарысында ер балалар арасында 1-ші орынды 1 курс 103 оқу тобының курсанты Балдеков Алмат иеленді, 2-ші орынды 1 курс 102 оқу тобының курсанты Аманжолов М иеленді. және 3-ші орынды 1 курс 101 оқу тобының курсанты Кәбір Р иеленді. Ал, қыз балалар арасында 1-ші орынды  1 курс 103 оқу тобының курсанты Шарипова Дана иеленді, 2-ші орынды        1 курс 104 оқу тобының курсанты Абдрахманова Сабина иеленді және 3-ші орынды  1 курс 105 оқу тобының курсанты Еспанова Жанна иеленді.

           Жарыстың соңында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы, полиция полковнигі Сәлімгерей Иманғалиұлы Қаракүшев жеңіске жеткен курсанттарды мақтау қағазымен марапаттады.

 

Институттың ӘжДШД кафедрасының             

оқытушысы

полиция аға лейтенанты А.Қ. Қосмұратов

Институттың ӘжДШД кафедрасының              

оқытушысы

 полиция капитаны Ж.Қ. Қаирбаев