Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Тәуелсіздік дәуірі – жастар дәуірі

24.02.2018

2018 жылғы 23 ақпанда институт бастығының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары полиция полковнигі Д.А.Даулетияров институттың іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында Ақтөбе қалалық көпбейінді колледжінің және Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің студенттері, оқытушылары және тәлімгерлерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында жастармен ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кезекті іргетастық еңбегінің аясындағы дамудың жаңа кезеңдері талқыланды.  Дастан Амангелдіұлы, қатысушыларды аталған кітаптың негізгі кезеңдерімен таныстырып, олардың көңілін мемлекет басшысының Жолдауларында да, оның ішінде «Тәуелсіздік дәуірі» еңбегінде де  талмай айтылып келе жатқан мәселе – қазіргі жастардың  технологиялардың қарқынды дамуы мен ілгерілеу заманында  мамандықты дұрыс таңдай білуі, сапалы білім алуы және кәсіби жетілуі сұрақтарына баса назар аударды.

Шарада шақырылғандардың  «өмір бойы білім алу» принципін жүзеге асыру, заманауи әлемде адамдардың бәсекеге қабілеттілігі, қызметтер мен жұмыстарға қатысты сұрақтарына жауап беріліп, сонымен бірге колледждердің студенттеріне кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді.

Аталмыш шаралардың маңыздылығы мен қажеттілігін ескере отырып, тараптар осындай жұмыстарды бұдан ары қарай да жалғастыруды ұйғарды.