Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Тілге құрмет – елге құрмет.

30.04.2024

2024 жылғы 30 сәуірде институтта алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушыларына 1-мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай «Мемлекеттік тіл – ынтымақ пен татулықтың ұйытқысы» атты кездесу кеші ұйымдастырылды. Кездесуге Ақтөбе қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының штаб инспекторы полиция аға лейтенанты Софья Петровна Понамарёва қатысып, болашақ жас полицейлерге қазақ тілінің Қазақстандағы мемлекеттік тілі ретіндегі және ұлтаралық қатынас жасаудағы басты ортақ тіл ретіндегі рөлін,ішкі істер органдары қызметінде мемлекеттік тілдің қолданылу деңгейі мен оны білудің артықшылықтарын айтып, тілге деген сүйіспеншіліктері мен қызығушылықтарын арттырды. Шарада өзге ұлт өкілдері қатарынан мемлекеттік тілдің және қазақ халқының өнері мен мәдениетінің дамуына үлес қосып жүрген мемлекет қайраткерлері туралы бейнежазбалар көрсетіліп, ән де шырқалды, мемлекеттік тіл көк тудың астындағы көпұлтты қазақстандықтарды біріктіретін нағыз ұйытқы құрал екендігі түсіндірілді.

Ішкі коммуникациялар бөлімшесі