Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Білім күніне арналған салтанатты іс-шара

1.09.2021

Бүгінгі дәстүрлі – Білім күні мерекесі шеңберінде, ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты қабырғасында өткен салтанатты іс-шараны институт бастығының міндетін атқарушы, заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі Алтай Бисенұлы Байсултанов алғы сөз алып, профессорлық-оқытушылық құрамы мен курсанттарды жаңа оқу жылына ақ жарма тілегін айтып, сәттілік тіледі.
Сонымен қатар, ҚР Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Е.З.Тұрғымбаевтың бұйрығымен көлік объектілерінде қауіпсіздікті ұйымдастыру кафедрасының доценті, полиция подполковнигі Сандыбек Саинович Сарбаевқа «полковник» арнаулы атағы және Алматы қаласында өткен 80 келі салмақтағы қоян-қолтық ұрыста ІІІ жүлделі орынға ие болып топ жарған 4 курс курсанты Мырзекен Нұрбергенге медаль және диплом табыс етілді.
Осы аталған қуанышты сәттерді ескере отырып, Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күнде жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен белестерді бағындыруға шығармашылық табыс, зор денсаулық әрі сәттілік тілейміз.