Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«СТРЕССІЗ ЕМТИХАН» ТАҚЫРЫБЫНДА ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ

10.03.2023

2023 жылғы 10 наурызда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының кәсіби даярлық факультетімен психологы алғашқы кәсіптік даярлық курсының тыңдаушыларының қатысуымен «стрессіз емтихан» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды.

Тренингтің мақсаты сессияны тапсыру кезінде ситуациялық жеке  мазасыздықты азайту, емтихан жағдайында сенімді мінез-құлық қажеттілігін түсіну, психо-эмоционалды срессті жеңілдету, стреске төзімділікті арттыру, қиын өмірлік жағдайларда өзін-өзі бақылау.

Тренингтің міндеттері: емтихан сессиясын уақытында тапсыру жағдайының мінез-құлқын талдау, тыңдаушылардың емтиханның стресттік жағдайына оның әзіл-оспақты тұруы арқылы көзқарасын өзгерту, емтиханда кездесетін және оларды жеңу мүмкіндіктерін талқылайтын мәселелерді белгілеу, емтихан тапсыру кезінде тыңдаушылардың стресске төзімділігін арттыру.

Тренинг өз мақсатына және қойылған міндеттерін қол жеткізді.