Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Сенім купесі» акциясы

27.03.2024

Қазақстан Республикасы ІІМ Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ІІО әкімшілік қызметі кафедрасы ішкі істер органдарының ақпараттық-имидждік жұмысын іске асыру жоспарын орындау мақсатында 2024 жылғы 27 наурызда «Самара-Бішкек» және «Маңғыстау-Ақтөбе» жолаушылар поездарында «Сенім купесі» акциясын өткізді.

Аталған іс-шараның мақсаты ішкі істер органдарының ақпараттық-имидждік жұмысын, сондай-ақ Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтына 2024 жылы бакалавриат бағдарламасы бойынша оқуға түсу бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу болды.