Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ресей ІІМ Орал заң институтымен онлайн байланыс жүйесінде өткізілген «Ішкі істер органдарының құқық қорғау қызметіндегі өзекті мәселелері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға курсанттардың қатысуы

19.04.2018

2018 жылғы 18 сәуірде Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Ақтөбе заң институтының ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспагерлік жұмысын ұйымдастыру бөлімі мен курсанттық ғылыми қоғамы  Ресей ІІМ Орал заң институтымен онлайн байланыс жүйесінде өткізілген «Ішкі істер органдарының құқық қорғау қызметіндегі өзекті мәселелері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның секция жұмысына қатысты.

Секция жұмысын Ресей ІІМ Орал заң институтының криминология және қылмыстық-атқару құқығы кафедрасының бастығы, з.ғ.к., доцент полиция полковнигі Н.В. Голубых алғы сөзбен ашты, сонымен қатар,  криминология және қылмыстық-атқару құқығы кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі А.Л. Пушкарев жұмыс тәртібімен таныстырып өтті.

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты атынан институт бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, з.ғ.к., полиция подполковнигі Г.Ж. Сулейманова алғы сөз сөйледі және әріптестеріне іс-шараға қатысуға шақырғандары үшін алғыс айтып, ЖОО арасындағы ынтымақтастықтың табысты болуына тілек білдірді.

Секциялық мәжілісте институт атынан 102-оқу тобының курсанты
А.М. Есдаулетова «Атрибутика молодежной субкультуры как фактор проведения экстремизма», Т.Б. Кенебай «Коррупция и противодействие коррупции в Казахстане» баяндамаларын (ғылыми жетекшілері: ҒЗжРБЖҰБ бастығы полиция подполковнигі А.К. Каримбаева) қатысушыларға ұсынды. Жемқорлық туралы баяндама шеңберінде, әсіресе полиция қызметкерлерінің пара беру әрекеттерінің болу жағдайы туралы Ресей мен Қазақстан бойынша салыстырмалы талдау жасау аясындағы сұрақтар қызу талқыланды.

Қатысушылар өз ойларын бөлісті, өзекті мәселелер мен жағдайларды талқылады, қозғалған тақырыптарға қызығушылық танытты.

Секциялық мәжіліс соңында конференция жұмысының қорытындысы шығарылып, алдағы уақытта да осындай іс-шаралардың ұйымдастырылуы туралы ұсыныстар айтылды. Ресей ІІМ Орал заң институты бастығының халықаралық ынтымақтастық жөніндегі көмекшісі полиция подполковнигі Л.А. Васильева конференция жұмысына қатысқан  біздің оқу орнының курсанттарына сертификаттар тапсырылатындығын айтты.

ҒЗжРБЖҰ бөлімінің бастығы

полиция подполковнигі   

А.К. Каримбаева