Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысы

30.01.2024

Нұсқауға сәйкес, 2024 жылғы 29 қаңтарда  ҚОҚҰ кафедрасының доценті полиция полковнигі С.Сарбаев және кафедраның кабинет бастығы полиция лейтенанты Н.Сегизбай  кәсіби бағдар беру және мамандыққа бағыттау мақсатында Ақтөбе қаласы, Астана ауданы Бауырластар елдімекенінде орналасқан «№66» орта мектебінің 11-сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Аталған шараға 11-сыныптан 40 оқушы қатысып, қажетті мағлұматтар беріліп, бейнероликтер көрсетіліп және ақпараттандырылған буклеттер таратылды.