Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Прокурорды тәжірибелік сабаққа шақыру

11.11.2021

2021 жылғы 9 қарашада Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің тапсырмасының, сондай-ақ ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде Қазақстан Республикасы БП ҚСжАЕК Ақтөбе облысы бойынша бөлімінің прокуроры 2-сыныпты заңгер Н.М.Құрмантаев қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамымен бірлесіп, институттың тыңдаушылары мен курсанттары үшін таныстыру тәжірибелік сабағын өткізді.
Сабақ барысында білім алушылар қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарламаларды қабылдау және тіркеу қағидаларымен, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімін (СДТБТ) жүргізу тәртібімен; қылмыстық құқық бұзушылықты тіркеуден, қылмыстық істі тергеуден бастап және Үкімді орындауды аяқтаудан бастап қылмыстық процестің барлық сатыларын қамтитын «Электрондық қылмыстық іс» (Е-УД) модулінің жұмысымен танысты. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы БП ҚСжАЕК басқа да ақпараттық жүйелеріне шолу жасалды.