Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ресей ІІМ Омбы академиясымен өткізілген “Ішкі істер органдары қызметкерлерінің ар-намысын қорғау” тақырыбындағы халықаралық бейнеконференция

26.04.2018

2018 жылғы 25 сәуірде сағат 14:00-де Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында Ресей ІІМ Омбы академиясымен “Ішкі істер органдары қызметкерлерінің ар-намысын қорғау” тақырыбындағы халықаралық бейнеконференция өткізілді. Ресей ІІМ Омбы академиясынан академия бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, з.ғ.д., профессор полиция полковнигі М.В. Бавсун, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты атынан институт бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, з.ғ.к., полиция подполковнигі Г.Ж. Сулейманова сөйледі.

Аталған конференция барысында Қазақстан Республикасы ІІМ АЗИ-дан әкімшілік құқық және ІІО-ның әкімшілік қызметі кафедрасының оқытушысы полиция майоры Д.Р.Мырзабаева «Актуальные проблемы применения административного законодательства Республики Казахстан по правонарушениям, совершенным в отношении представителей власти» баяндамасымен және жалпы құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы полиция майоры Қ.Ерланұлы «Правовая защита сотрудников органов внутренних дел Республики Казахстан» баяндамасын қатысушылардың назарына ұсынды. Сонымен қатар, Ресей ІІМ Омбы академиясының азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының бастығы, з.ғ.к., доцент, полиция полковнигі К.В. Карповтың және Омбы облысы бойынша Ресей ІІББ ЖҚ ЖІБ ерекше маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция майоры В.А.Фирсовтың баяндамалары тыңдалды.

Аталған конференция барысында қатысушылар Ресей Федерациясының және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерлерінің ар-намысын сот жолымен қорғау бойынша өзекті мәселелерді,  сонымен қатар, өкіметтік билікке қатысты жасалған құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік заңнамаларды қолдану сұрақтарын талқылады.

Аталған конференцияның тақырыбы қатысушылар арасында қызу талқыланып, қызығушылықтарын тудырды.

 

 

ҒЗжРБЖҰ бөлімінің бастығы

полиция подполковнигі

А.К. Каримбаева