Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Кәсіптік практиканы қорғауды жүргізу туралы

8.04.2024

2024 жылғы 08 сәуірде Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты жоғары заңгерлік емес білім беру базасында ҚОТ қолдана отырып қысқартылған оқыту нысаны бойынша білім алушылар кәсіптік практикасын қорғады.

Кәсіптік практика 2024 жылғы 12 ақпаннан 7 сәуірге дейін облыстардың ПД аумақтық ішкі істер органдарында өтті.

Кәсіптік практиканың қорытындылары білім алушылардың алған теориялық білімдерін бекітудің, әкімшілік-құқықтық мамандандыру бойынша қажетті білімді игерудің және жетілдірудің оң нәтижелерін көрсетті.