Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Нөлдік төзімділік» бағдарламасы аясында

28.09.2018

2018 жылғы 27 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі    Қ.А. Бүркітбаев пен аға оқытушы полиция майоры А.С. Тайшыбаева Ақтөбе қаласы №24 лингвистикалық мектеп-гимназиясының 11 класс оқушыларына «Нөлдік төзімділік» және «Діни экстремизмге қарсы күресу проблемалары» тақырыптарында дәріс оқыды. Сабаққа 11 класс оқушылары және класс жетекшілері, №24 лингвистикалық мектеп-гимназиясының директоры, №24 лингвистикалық мектеп-гимназиясы директорының тәрбие жөніндегі орынбасары қатысты. Сабақ кезінде оқытушылар көрнекі құралдарды қолданып, теріс діни ағымдар жолына түскен тұлғалар туралы бейнефильмдер көрсетті. Мектеп оқушылары түсінбеген сұрақтарын қойып, оған оқытушылардан тиісті жауаптарын алды. Мектеп оқушылары және әкімшілігі Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі Қ.А. Бүркітбаев пен аға оқытушы полиция майоры А.С. Тайшыбаеваға жоғары дәрежеде дәріс оқығандығына өз алғыстарын білдірді.