Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысы

24.01.2024

Нұсқауға сәйкес, 2024 жылғы 23 қаңтарда  ҚОҚҰ кафедрасының полиция подполковнигі Е.Алдияров кәсіби бағдар беру және мамандыққа бағыттау мақсатында Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы «Рауан» елдімекенінде орналасқан «№74» орта мектебінің 10 және 11-сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Аталған шараға 11 сыныптан 15 оқушы, 10 сыныптан 15 оқушы қатысып, қажетті мағлұматтар беріліп, бейнероликтер көрсетіліп және ақпараттандырылған буклеттер таратылды.