Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Кәмелеттік жасқа толмағандардың девиантты мінез-құлқын алдын алудың психологиялық ерекшеліктері» тақырыбына өткізілген интеллектуалды ойын

28.04.2018

Полиция қызметкерлерінің профилактикалық жұмысты жүргізу мақсатында, ең алдымен, жоғары дәрежеде құқықтық және адамгершілік мәдениетті қалыптастыру азаматтарға педагогикалық және психологиялық әсер етуге бағыталады.

       2018 жылдың 27 сәуірінде Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты жалпы білім беру пәндері кафедрасы «Кәмелеттік жасқа толмағандардың девиантты мінез-құлқын алдын алудың психологиялық ерекшеліктері» тақырыбына жоғары оқу орындар арасында өткізген интеллектуалды ойында курсанттардың психологиялық білімін кеңейту және тереңдету, арнайы ойлары мен кәсіптік шеберлігін дамыту, сонымен қатар, теориялық білімдерді ішкі істер органдары қызметінде тәжірибе жүзінде қолдану дағдыларын қалыптастыру мақсатында қолданып отыр.

      Интеллектуалды ойынға қатысуға Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті және Қазақ-Орыс халықаралық университеттерінің заң факультетінің студенттері шақырылды.

       Іс-шараны өткізу кезінде, ең алдымен, қатысушылар мен көрермендерге кәмелеттік жасқа толмағандардың девиантты мінез-құлқына өміріне байланысты  «Равнодушие» атты фильм көрсетілді.

      «Альтернатива», «Юристократия», «De Jure» құрамынан құрылатын үш командалар интеллектуалды ойынға қатысушыларға бес сайыстан тұрып, заң психологиясы мен педагогикасының жас ерекшеліктерін, әкімшілік және қылмыстық құқық, сонымен қатар, тапқырлық, әртістік қабілеттерін көрсетті.

      Мысалы «Сіз білесіз бе?» сайысында келесідей сұрақтарға жауап беру керек: «Жасөспірімді түнде компьютер клубынан ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Одан әрі қоғамдық орындарда кешкісін жүрмесін деп бір тәулік жабамыз деді. Кәмелетке толмаған жастың құқығы бұзылды ма?  Немесе 9  мамыр мерекесін тойлау алдында класс жетекшісі 9 класс оқушылары Қайрат пен Жасұланды жалғызбасты соғыс ардагеріне көмектесуге жібереді. Самат ата балаларды қуанып қарсы алады. Көп жылдар бойы қария жалғыз тұрды, жасы мен денсаулығы сыр бере бастады (көзі нашар көреді, әрең жүреді). Көршілері оған көмектесіп тұрды, бірақ олардан көмек сұрай беруге ыңғайсызданды. Ардагер оқушылардан ауланы  тазартып, сөренің бірінші тартпасында ақша тұрғандығын айтып, қажетті азық-түліктер сатып алуды өтінеді. Ардагердің өтінішін орындап, жасөспірімдер үйлеріне көңілді қайтты. Әсіресе, Қайрат қатты қуанды. Сөйтсе, ол сөреден тек азық-түлікке ғана емес, ішінде жатқан барлық ақшаны алыпты. Ол барлығын Жасұланға айтып, кеңдік танытып, оған ақшаның жартысын ұсынды. Жасұлан Қайратты оңбаған деп, ақшаны алмады. Жасұлан болған оқиға жайлы мектепте ешкімге айтпады. Балалардың әрекетін түсіндіріңіз. Неге Жасұлан Қайраттың қылығы туралы ешкімге айтпады, неге полицияға бармады?».

        Сайысқа қатысушылар «Қолтырауын» және «Түсіндірмелер» байқауларында балалармен психологиялық байланысқа түсу кезінде сабырлылық танытып, балалық шақтағы белгілі ертегілердің мазмұны мимика арқылы көрсетілді.

       «Үй тапсырмасы» байқауына қатысушылар алдын ала дайындалды.  «Ювеналдық полиция учаскелік инспекторы мектептен түскен қиын бала туралы арызға сүйене отырып, профилактикалық сұхбат жүргізу», «Ювеналдық полиция учаскелік инспекторы жағдайы төмен отбасымен профилактикалық сұхбат жүргізу» , «Ювеналдық полиция учаскелік инспекторы басқа бағытқа ауытқыған жасөспірімдер тобымен профилактикалық сұхбат жүргізу» туралы көріністерді көрсету керек.

     Интеллектуалдық ойын кезінде слайдтар мен көрнекті оқулықтар қолданды. Қатысушылар Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары әкімшілік қызметінен және Қазақстан Республикасы қылмыстық және әкімшілік құқықтарының негізінен, психологиядан білімдерін көрсетті.

     Интеллектуалдық ойынның жеңімпазы Қазақ-Орыс халықаралық университетінің «De Jure» командасы болды. Қатысушы командаларға грамоталар мен сыйлықтар табысталды. 

     Аталған іс-шара біздің институтымыздың курсанттарының үлкен қызығушылығын туғызып және жасөспірімдер тарапына бағытталған психологиялық білімдерді қалыптастырып, болашақтағы кәсіби қызметіне қолдануына көп көмегін тигізді.